09:55
Ислам және медицина

ЕШТЕН КЕШ ЖАҚСЫ

Ислам дінінде ешқашан кеш деген ұғым жоқ. Тамақты сол қолмен бастап кетсе де, ортасында не соңында болсын «бисмилләні» айтқанда, лағынет атқырдың жегенін құсып тастайтынынан-ақ, «ештен кеш жақсы» екенін түсінуге олады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кімнің қолында бір ағаштың көшеті (тал шыбығы) болса, қиямет қайым басталып кеткенше қолындағы көшетті егуге үлгеретін шамасы болса, соны демреу отырғызып үлгерсін», - деген хадисінен, ізгі істің үлгісі ең соңғы демде болсын жасалу керектігін аңғарамыз.

Карнеги Меллон университетінің зерттеушілері Марсель Джаст пен Дэвид Брент (Писттсбург университеті) адамның өзіне қол жұмсау әрекетін анықтаудың жаңа әдісін ұсынды. Негізінде мидың өлімге байланысты түрлі ұғымдарға қалай жауап беретінін талдау жұмысы «Nature Human Behavior» журналында жарияланған. Зерттеушілердің айтуынша, ұсынылған әдісте өзін-өзі өлтіруге бейім адамдарда суицидтік идеялар қаншалықты бар-жоғы көрсетіледі. Бұл құрал адамдарға өз-өзіне қол жұмсау қаупі төнгенде бірден анықтауға көмектеседі. Зерттеушілер жасаған нейрондық желі «тікелей адамның басын зерттеуге» мүмкіндік береді және өз-өзіне қол жұмсау концепциясы мида қандай эмоционалдық жауап тудыратынын түсінуге мұрша береді. Эксперимент үшін зерттеушілер өз-өзіне қол салуға қатысты 10 сөзді оң мәнді (мысалы, «сыпайылық»), 10-ын теріс (мысалы, «проблема») тақырыптардың екі тобына енгіді. Қатысушылар жалпы саны – 17. Бірінші топтағы адамдар – өз-өзіне қол жұмсау қаупі барлар, екіншісі – бақылау тобы. Миды сканерлегенде «суицид» және «суицид емес» топтар арасындағы айырмашылықтарды жеңілдететін алты сөз анықталды және олар осы деректер бойынша нейрондық желіні үйретті. Бұл сөздер. Өлім, қатыгездік, проблема, назарсыздық, мейірімділік және мақұлдау. Мидың осы сөздерге жауап беру нәтижелері бойынша ғалымдар бақылауға қатысқан адамдардың, яғни бірінші топтың «суицидтік әрекетке» қаншасы тиесілі екенін 91% дәлдікпен анықтай алды. Осы алгоритмде және суицид жасау айында жүрген адамдарды өз-өзіне қол жұмсап көрген адамадрдан ажыратуға қабілетті екенін тексеру тәсілі де қолданды. Нейрондық желі суицид ықтималдығы болған тоғыз адамды 94% дәлдікпен айқындады.

Ал қасиетті Құранда: «Кімде-кім жер жүзінде бұзақылық жасамаған, нақақ адам өлтірмеген біреуді өлтірсе, ол бүкіл адамзатты өлтіргенмен тең. Кімде-кім бір адамды өлімнен құтқарып қалса, ол бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең» (5:32), - деген.

Адамды құтқарудың түрлеріне бойындағы өлімге жетелейтін ауруын, ақауын емдеп-жазу, сауықтыру әдісі жатса,

Бұл ауыспалы түрі. Тікелей өлімнен арашалап, ажалдан аман алып қалу, мысалы, қиын жағдайда өмірін сақтап қалу – бұл тура құтқару. Ал мына үшінші алгоритм, яғни тікелей жанын сақтау, бірақ өлімге жетелейтін түрін не себебін жою арқылы іске асады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: