00:01
Ислам және медицина

СОҢҒЫ МҮМКІНДІК

Әрбір адам күндердің бір күнінде өлетінін ойлағанда көңілі құлазып, жаны жабырқайтыны даусыз. Сөйтіп өлмеудің, яғни, ұзақ жасаудың жолдарын іздей бастайды, алайда ажал алам десе, жеті қабат жердің астынан да тауып алары хақ. Демек, ешкім өлімнен қашып құтылмайды. Осыған байланысты ғылыми тұжырым айтар болсақ, Эдуардо Марбан бастаған Седарс-Синай кардиология институтының ғалымдар тобы кенеттен жүрек тоқтауын бастап өткерген науқастардың жартысынан көбі оның даму ықтималдығын меңзейтін белгілерді елеп-ескермеуі деп тауыпты. Демек, құдай өз құлына мархамат ретінде ескертуі деп түсіну керек.

Науқас инфаркт болатыннан бірнеше апта не күні бұрын пайда болған алаңдаушылық белгілерін елемейді, пациенттер оны дәрігерлерге айтпайды екен. Мұндай қорытындыны ғалымдар кенеттен кардиохирургиялық ауруы бар 839 науқас туралы деректерге талдау жасап, ерлердің 50%-да, әйелдердің 53%-да кеуде ауруы және ентігу шағымдары 4 апта бұрын пайда болған, осы клиникалық белгілер – жүрек талмасы болардан 1 күн бұрын 93%-да байқалған. Бұл симптомдарды бастан кешірген науқастардың тек 19%-ы жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Олардың 32%-ы құтқарылып, ал медициналық көмекке жүгінбейтіндердің тек 6%-ы тірі қалған.

Осы орайда ExcelMedical әзірлеген Wave клиникалық платформасы деп аталатын әдіс ойлап табылды. «Ол емделушінің жай-күйін тексеріп, талдап, адамның көзінен таса қалатын жағдайларды болжай алады, мысалы, мезгілсіз ажалды», - дейді медицина докторы Sumeet Chugh. Бұл құрылғы жақында тағы да жаңартулардан өтіп, әлі де бұл нейрожелі әдісі модификациялануда.

Неліктен өлмес бұрын мұндай белгілер бар, оны тіпті дер кезінде анықтауға болады деп жатырмыз? Ажалдан алшақтап, өлімнен қашу емес.

«Біз араларыңда өлімді белгіледік. Сондықтан ешкім де бізден оза алмайды» (56:60).

«Әрбір үмбеттің белгілі мерзімі бар. Олардың мерзімдері келгенде оны бір сағат кешіктіре де, ілгерілете де алмайды» (7:34), - деген Алланың постулатына қарсы тұра алмаймыз. Біз тек бұған өлер алдында өкініп, бар ынта-жігермен тәубе етуімізге берілген мүмкіндік деп қарауымыз керек. Осы орайда йәис деген сөз есімізге оралады.

Йәис жағдайында тәубенің қабыл болуы дегенді қалай түсінуге болады? Өліміне бірнеше секунд қалғанын білген мұсылман «Бұдан былай ішкілік ішпеймін, ұрлық жасамаймын, өтірік айтпаймын» дегендей бүкіл күнәларына тәубе етсе, бұл үмітсіз жағдайда жасалған тәубесі сахих бола ма?

Тәубе-и йәис – өлім белгілері басталып, өмір сүруге үміт үзілгенде жасалған тәубе деген сөз. «Йәис жағдайында, яғни, өмір сүруге үміт үзілген (ақырет жағдайлары көріне бастаған) сәтте жасалған тәубе қабыл етіледі, бірақ иман қабыл етілмейді деп Қадихан «Фәтусында» жазылған. «Құлдарының тәубесін қабыл ететін – Ол» (42:25) бойынша күнәкардың тәубесі қабыл етіледі.

Имам Мұхаммед масум хазреттері айтқан: «Соңғы демге дейін тәубелер қабыл етіледі. Өлім белгілері басталып, өмірден үміт үзілген кезде тәубе қабыл болса да, кәпірдің иман келтіруі қабыл болмайды. Жан алқымға келген кезде ақырет жағдайлары көрсетіледі. Ол кезде барлық кәпірлер иман келтіруді қалайды, бірақ бұл қабыл етілмейді. Өйткені ғайыпқа иман келтіру, яғни, көрмей тұрып сену керек».

Кейбір ғалымдар Ниса сүресінің «(Өмірі) жамандықтармен өтіп, өлетін кезінде «Мен қазір тәубе еттім» дейтіндер мен Құрандағы: «Кәпір болып өлгендердің тәубелері қабыл болмайды» (4:18) аяты бойынша, иман сияқты, тәубенің де қабыл етілмейтіндігі білдірілген. Әшарилер «Алла пенденің тәубесін жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» хадисін келтіреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: