14:22
Ислам және медицина

ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨМІР

«Өлгеннен кейін адамдар өзінің бақилық болғанын түсініп, айналасында не болып жатқанын сезеді», - дейді Нью-Йорк университеті жанындағы Langone медицина мектебінің ғалымдары. «Әдетте дәрігерлер адамның қайтыс болғанын жүректің тоқтауымен анықтайды: миға қан келмеудің салдарынан оның жұмысы әп-сәтте тоқтайды. Ақыр соңында ми жасушалары өле бастайды, бірақ бұған клиникалық өлімнен кейін бірнеше сағат қажет», - дейді зерттеу жетекшісі Сэм Парниа. Ғалымдардың айтуынша, адам санасы жүрек соғысы тоқтағаннан кейін бірден өшіп қалмайды. Адамдар «өлімнің бірінші фазасында» айналасында не болып жатқанын сезіп, түсініп жатады. Мұны клиникалық өлімді бастан кешірген науқастардың өздері дәлелдеп отыр. «Олар клиникалық өлімнен кейін дәрігерлер мен медбикелерді жұмыс барысында көргенін, не туралы сөйлескендерін айтып бере алады», - дейді Парниа.

Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: «Қабірге адамды жерлеп болғаннан кейін, мазарда жатқан адам қайтып бара жатқандардың аяқтарының сыбырын естиді», - делінген. «Осы күнде қандай адамның болса да, бұрын-соңды жасаған істері алдарына келеді» (75:13). Аталмыш аяттың тәпсірі жайында Абдуллаһ б. Аббас пен Абдулла б. Мәсғуд былай деген: «Адам баласына өмірінде жасаған жақсы және жаман амалдары білдірілгені секілді, өлгеннен кейін көретін жақсы-жаман амалдары өзіне білдірілетін болады».

Көптеген психологтар, математиктер мен физиктердің ұзақ зерттеулерінен кейін бірегей жаңалық пайда болды: өлімнен кейінгі өмір бар, бірақ қандай да бір жолмен қарастырылмаған. «Негізінде, адамның жаны бұл дүниені тастап, әмбебап ғаламдық интеллекттің белгілі бір қоймасына түседі», - деп хабарлайды. Сарапшылар кванттық гравитация арқасында адамның жаны қайтыс болғаннан кейін әмбебап әлемдік деректер қоймасына жіберілетінін айтуда. 1996 жылдан басталған бірнеше зерттеулер барысына физиктер, математиктер мен психологтар сынды мамандар қатысқан. Ғалымдар адамның жаны бар және даму мүмкіндігін түсінуге тырысты, оның орналасқан жері – тірі жанның миындағы микротрубкалар. Зерттеушілер осы жерде адамның өткен өмірі тіралы деректер бар екеніне сенімді. Клиникалық өлім пайда болған сәтте адамның миы өзінің қызметін жоғалтады. Алайда оның жаны сол «дерекқормен» бірге, маңызды ақпаратты сақтап қалуды жалғастырады. Осыған байланысты, адамның «қайта тірілу» деп аталатын көптеген оқиғалардан кейін бұрын не болғанын еске түсіру мүмкіндігі бар.

Жалпы өлімнен кейінгі өмір жайлы ғалымдар арасында нақты ғылыми түсінік жоқ. Ол абстрактілі ұғым болғандықтан, тек сенімге негізделіп қабылданады. Бірақ та Алла Тағала ақыл иелеріне бұл дүниеде өз белгілерін көрсету арқылы, о дүниеде болатын затты түсіндіреді. Мысалы, Ұлы Жаратушы Алла біздің денеміздегі жасушалар (клетка) кез келген мәліметті сақтауға болатындай етіп жасап қойған екен. Осыған байланысты сахабалар мен Пайғамбар (с.ғ.с.) арасындағы мына бір диалогқа мән берейік:

Сахабалар:

- Уа, Алланың Расулы! Қиямет күні Раббымызды өз көзімізбен көре аламыз ба? – деп сұрады. Сонда Расулулла (с.ғ.с.) олардан:

- Бұлтсыз ашық күнде, түскі уақытта күнді көру үшін тығылысып, сығылысасыңдар ма? – деп сұрады.

Ардақты сахабалар:

- Жоқ, - деп жауап берді.

- Бұлтсыз ашық түнде айды көру үшін бір-біріңмен итерісіп, тығылысасыңдар ма? – деп сұрады.

Сахабалар бұл жолы да:

- Жоқ, уа, Расулулла! – деп жауап берді. сол кезде пайғамбарымыз:

- Жаным құдірет қолында болған Ұлы Аллаға ант етейін, Раббыларыңды көргендеріңде де тығылысу, бір-біріңді итеру, сығылысу деген болмайды. Құдды бір күн мен айды көренде итерісіп, сығылысудың болмайтыны секілді. Осылайша, пенде Раббысымен бетпе-бет келеді. Алла Тағала оған:

- Ей, пәленше! Мен саған жақсылық жасамадым ба? Сені қожайын қылмадым ба? Саған жұбай бермедім бе? атты, түйені саған бағындырмадым ба (қызметіңе ұсынбадым ба)? Басшылық қылуыңа, олжаға түскен малдардың төртте бірін алуыңа мүмкіндік бермедім бе? – деп сұрайды.

Сонда пенде:

- Иә, уа, Раббым! – дейді. Алла Тағала одан:

- Менің алдыма келетініңді еш ойламадың ба? – деп сұрайды. Пенде бұл сұраққа:

- Уа, раббым! Еш ойламаған екенмін, - деп жауап береді.

- Олай болса, енді Мен сені ұмытамын. Құдды (дүниеде) Мені ұмытқаның сияқты, - дейді. Кейін Алланың құзырына тағы бір пенде келеді. Алла Тағала одан да солай сұрайды. Одан кейін пендеден де солай сұрайды. Олар (Раббыларының айтқандарын мойындаудан басқа амалдары болмай):

- «Иә, уа, Раббым» дейді. Алла Тағала:

- Менің алдыма келетініңді еш ойламадың ба? – деп сұрайды. Сонда пенде:

- Уа, Раббым! Саған, кітаптарыңа және пайғамбарларыңа иман келтірдім. Намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, - дейді. Сосын қолынан келгенінше (Алла Тағаланы) дәріптеп, мадақ сөздер айтады. Алла Тағала оған:

- Тоқтай тұр, олай болса, қазір сенің бұл айтқандарыңа бір куә әкелінеді, - дейді. Сонда пенде өз-өзіне:

- Маған қарсы кім куә болады? – деп біраз ойланып қалады. Сол кезде оның аузына мөр басылады. Терісіне, еттеріне және сүйектеріне «қане, сөйлеңдер!» деген әмір етіледі. Оның терісі, еті, сүйегі істеген барлық нәрсесін түгін қалдырмай айтып шығады. Істегендерінен жалтарып, сылтау айтпауы үшін оған осылай жасалады... (Мүслім, Зүһд 16).

Енді, әлгі жоғарыда бастаған әңгімемізді жалғастырсақ, қызықты жайтқа тап боламыз. Қазіргі кезде ғалымдар қандай да болсын «бактерия» (микроб) ДНҚ-сына қандай да бір ақпарат енгізу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Енгізілген ақпарат мыңдаған жылдар ДНҚ-да өзін жоғалтпай, сақталып тұра береді екен. Жаңа әдістің арқасында мамандар әлдебір ақпаратты, мәселен адам жасушасына, тіпті судың молекуласына да енгізе алады. Былайша айтқанда, қазіргі таңда ақпаратты адамның кез келген ағзасында сақтау мүмкіншілігі бар. Бұның дәлелі ретінде, Қиямет күні, есеп-қисап болғанда адам ағзасының мүшелері өзіне қарсы куәлік беретіндігін айтсақ болады.

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде бұған байланысты былай деген:

«Қиямет күні оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады» (24:24).

Құранның осы аяты және қандай да бір ақпаратты адам ағзасының жасушаларында сақтауға болатындығын анықтаған соңғы ғылыми зерттеу нәтижелері – Қияметтегі есеп-қисап күнінің ақиқат екендігінің айғағы. Бұл, өз кезегінде, қиямет күнін жоққа шығарып, дененің бөліктері куә болып «сөйлейтінін» мойындамайтын барлық скептиктердің күмәнін теріске шығарды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 19 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: