09:19
Ислам және медицина

СТРЕСС

Жай ғана бір мысал, 2011 жылы Жапониядағы жер сілкіністерінен кейін осы елде инсульт саны күрт өскен. 1996 жылы Дания ұлттық құрама командасы Еуропа чемпионатында жеңілгенде сол бірнеше күнде ерлер арасында жүрек-қантамыры ауруы себебінен өлім көрсеткіші 14 есе артқан. Ал 1998 жылы Англия командасы Аргентинадан ұтылғанда, ағылшындар арасында жүрек ұстамасымен ауруханаға жатқызу саны 4 есе көбейген. Байқасақ, әйелдер үшін футбол соншалықты маңызды емес және олар оны қабылдамады да.

Швецияда 47-55 жастағы 6935 ер азаматқа 12 жыл бойы бақылау жүргізілгенде, субъективті стрессттің тереңдігі шиеленіс, сезімталдық, алаңдаушылық, ұйқының бұзылуы себептерінен анықталды. Миокард инфарктісі салыстырмалы стресске ұшыраған адамдардың 6%-ын және үнемі стрессте жүретіндерде 10%-ды құрады.

Бұл жай ғана ресми Еуропа елдерінде жүргізген санаулы стрессорлық ситуациялар. Жалпы дүниежүзінде стресстен зардап шеккендер жиі кездеседі. Себебі науқастардың психикалық аурулары анықталмай, дер кезінде диагнозы қойылмай, асқындырып, ушықтырып алатындары болады. «алғашқы деңгейдегі аймақ дәрігерлері депрессияда жүргендердің бар болғаны 5%-ын ғана анықтай алады, ал қалған 50%-ы назардан тыс қалады», - деп мәлімдеме жасады баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясының штаттан тыс бас психиатры, Денсаулық сақтау саласының экс-министрі Татьяна Дмитриева.

Стресс бізге қалай әсер етеді? Стресс кезінде кортизолдың жоғары концентрациясы созылмалы ауруларды күшейтетін қатты қабынуды тудыруы мүмкін: ревматоидты артрит, псориаз, экзема, жаралы колит және Крон ауруы. Стресс кезінде адам ұйқысыздыққа шалынып, ұйқы бұзылысынан зардап шегеді.

Қайсыбір жылы Еуропада жүргізілген зерттеулерде ұйқысыздық пен жүрек талмасы арасында тікелей байланыс бары, ұйқысы жоқ адамдардың жүректері шамадан тыс жұмыс жасайтыны анықталды. Бүйрекүсті безі стресс гормонын босатқанда, бұлшықеттер жиырылып, бұдан ұзақ уақыт бойы бас ауруы пайда болады. Тітіркенген ішек синдромы, қан кету, спазм, диарея, іш қату жиі стресс деңгейімен байланысты. Зерттеушілер стресс демікпенің (астма) клиникалық көріністерін нашарлататынын анықтады. Стресс жағдайында адамдар кортизолды артық секрецияға байланысты ішке май жинайды. Бұл айтып отырғанымыз бір реттік не бір ғана жағдайдағы стресс емес. жылдар бойы жиналып, қатпарланып, қаланған стресс. Созылмалы сипат алған стресс бүкіл он екі мүше, алпыс екі тамыр мен миллиондаған жүйкені тоз-тоз етіп шаршатады.

Осыдан құтылудың жолдары жайлы мамандар не дейді? «Стресстен құтылу үшін ми мен денені тынықтыратын релаксация әдістерін үйреніңіз. Стрессті басуға белсенді физикалық жаттығулар көмектеседі, мүмкіндігінше оларды жиі орындаңыз, әлемге (айналаға) көз салыңыз, өзіңізді (ішкі жан-дүниеңізді) тыңдаңыз, өмір жолыңызды талдаңыз», - дейді бәрі бірауыздан.

Ресейліктердің 46%-ы стресстен құтылудың негізгі құралы ретінде теледидар көргенді, 43%-ы музыка тыңдағанды ұнатады. Ал 19%-ы алкогольмен, 16%-ы тамақпен, 15%-ы антидепрессанттармен, 12%-ы спорттық жаттығулар арқылы стресстен құтылуды құп көрсе, 9%-ы жыныстық қарым-қатынас стресстен құтқарады деп ойлайды. Қалған %-ы жан күйзелісінен йога мен түрлі медитация арқылы арылады екен-міс. (жалғасы бар)

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: