19:24
Ислам және медицина

НАМАЗ және МЕДИЦИНА

Намаз адамның жүйке жүйесіне қандай әсер береді? Америкалық зерттеушілердің Кливленд университетінің (Огайо штаты( қатысуымен өткен зерттеу нәтижесінде мұсылмандар дұғасы (24%) Альцгеймер ауруына оң ықпал ететінін көрсетті. Зерттеуге сәйкес, мұсылман дұғасы – рухани намаз, бұл ақыл-ой, рухани және физиалық белсенділіктің бірі. Зерттеушілердің айтуы бойынша, адамның шын ықыласпен орындайтын намазы оны бірнеше аурулардан қорғайды, сондай-ақ ми қан тамырларына көп пайдалы. Бұл керемет әсер адамның намазды үнемі орындаған кезінде ғана болады. Америкалық ғалымдар жүргізген ғылыми зерттеуге 65 жастан асқан 892 адам қатысқан. Зерттеу көрсеткендей, намаз Альцгеймер ауруына әкелетін деменция мен ес-жады қаупін 50%-ға төмендеткен.

Тағы бір ресейлік нейрофизиологтардың ашқан жаңалығы да осы неврология төңірегінде. Бүгінде бұл ұлы құлшылықтың эпилепсия (қояншық) ауруы кезінде көмектесетіні белгілі болды. Қояншығы ұстайтын адамның миы адам ағзасының белгілі бір бұлшықеттеріне дабыл (яғни сигнал, белгі( жібереді. Сол дабылдың әсерінен олар тартылып, адамның талмасы ұстайды. Ал намаз кезінде адамның ми нейрондарының арасындағы патологиялық байланыс үзіліп, ми әлгі бұлшықеттерге жалған дабыл жібере алмайды.

Намаз кешенді жаттығу болып саналады. Намаздың жеке-жеке іс-қимылдарының қандай медициналық пайдалары барын тізбектейік.

Қиям (тік тұру): Тірек-қимыл жүйесіне тигізер пайдасы мол. Арқа ауруын, тізе мен тобық ауырсынуын және аяқ бармақтарының ауруын біршама азайтады. «Қиямда (тік) тұрғанда, рукуғқа барғанда әрі қайтқанда, сәждеге бара жатқанда көздегі қан тамырлары белсенді айналады. Себебі намаз оқыған кісілердің көздері ретпен еңкейіп тұрады. Көздің қан қысымы артуының алдын алады. Сондықтан намаз көзді «катаракта» немесе «қарасу» ауруынан сақтайды.

«Әртүрлі рақағаттар арасында бір нүктеге қарап тұру көзге кешенді түрде массаж болып саналады, яғни көру қабілеті шыңдалады», - деп тауыпты жапон ғалымдары.

Қиямда Ханафи мәзһабы бойынша қолды кіндік астына ұстайды. Қолды осылай ұстау қалпына медициналық тұрғыдан қарасақ, адамның тыныс алу типі (түрі( екеу: кеуделік және құрсақтық. Еркектер кеуделік типті көкірекпен, әйелдер құрсақтық типте ішпен демалады. Азан шақырылып, қамат айтыла бастағанда, алыс-жақындағы адамдар намазға асығады. Сол уақытта басқа мәзһабтар бойынша (Шафиғи не Ханбали) қолды қиямда ұстаса, ентігіп тұрған өкпені екі қолмен бұғаттап, қысып тастайды, содан намаз оқып тұрған жанның тыныс алуы қиындап, жүрегі қысылуы мүмкін.

Рукуғ (еңкею): Рукуғта бел, сегізкөз, жамбас, тізе мен тобы буындарының және аяқ бармақтары мен табан қозғалысы нәтижесінде қандай да болсын ауру сезімі азайып, қимыл-қозғалыс аппараты қалыпқа келеді. Жүрек үшін ең қолайлы дене қалпы осы рукуғ. Рукуғта қан айналым деңгейін реттейтін жүрек көлденең қалыпта болғандықтан, осы сәтте оңтайлы жұмыс жасайды. Мысалы, әдетте марафонда жүгіріп келгендердің қатты шаршап, ентіккендерін байқасақ, олар рукуғке барғандай қалыпта, қолын тізесіне ұстап тұрған күйі тынығады.

Отырыс: бел аймағының, аяқ бармақтарының және тізе буыны ауруын азайтады. Дене бұлшықеттері де босаңсып, жақсы қалыпқа келеді. Отырған уақытта оң аяқтың тобығын тура ұстау және сол аяқты жамбасқа басу арқылы несеп-жыныс жолдарының жұмысы жақсарады. Бұл отырыс қуысасты безіне массаж саналады. Бұл – обырдан, гиперплазиядан, көптеген қабыну процестерінен және барынша көп кездесетін бедеуліктен сақтанатын профилактикалық шара.  (жалғасы бар)

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 60 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: