22:12
Ислам және медицина

НАМАЗ және МЕДИЦИНА

Намаз – иманның нұры, құлшылықтың мәйегі.

Намаз – мұсылманның қорғаны.

Намаз – ғибадаттардың ұлығы.

Намаз – араб тілінде «әс-сәләт» деп айтылады. Қазақша – «дұға», «тілек» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде: «Салат», яғни «намаз» сөзі 99 жерде, намаздың рүкіндері саналатын «сәжде» сөзі 64 жерде, «рукуғ» сөзі 13 жерде айталыд. Намаз Алла Тағаланың рахымына бөлейтін, Аллаға жақындатушы амал. Пенденің Раббысына ең жақын болатын сәті – ол сәждедегі кезі.

Барлық дұға мен құлшылықты бойына жиған намаздың ұлылығын физика ғылымымен салыстырып, мына мысалмен былайша түсіндіруге болады. Табиғатта 4 агрегаттық қасиет, яғни физикалық күй бар. Олардың үшеуі бәрімізге белгілі: сұйық, қатты, газ және төртіншісі плазма. Осы үш физикалық күйге де түсе алатын, соларға бірдей айналатын күй су екен. Өйткені су – ол сұйықтық, егер төменгі температурада ұстама, мұз болып қатаяды. Ал астына от қойып қыздырса, буға, яғни газ қалпына ауысады. Байқағанымыздай, су – табиғаттағы ең күшті зат болып тұр ғой. Сол секілді Исламның бес парызын әп-сәтте бойына сіңірген құлшылық ол – намаз. Себебі, ең әуелгі куәлік сөзін әрбір мұсылман намаз барысында бірнеше мәрте қайталайды. Әр уақытын күнде зекет етеді. Намаз барысында ауызға ешқандай дәм алмайды. «Жұма намазы – кедейлердің қажылығы» (Дәйләми, әл-Фирдәус, ІІ, 116 б.) дегендей, соңғы парызы ол сол ауылдың мешітіне барып оқыған жұма намазы. Бұл физика заңдарымен салыстыра келтірілген әсіре мысал.

Ал енді намазды психология ілімімен сәйкестендіре саралайық. Қалыпты жағдайда әр индивидте (тұлға) жалпы сананың 2 жағдайы бар. Ояу кезеңі мен ұйқы уақыты. Үшінші патологиялық сана – психоактивті препараттар мен наркотикалық заттарды тұтынғанда пайда болады. Медитация мен гипноз секілді жасанды сананың өзгерістері де бар. Кейінірек ғалымдар адамның төртінші сана-сезіміне құлшылықты жатқызады. Нақтырақ айтсақ, сананың төртінші фазасы – «құлшылықтағы сергектік». Адамның құлшылық кезіндегі ой-санасын, зердесін зерттеп көрген Бехтерев институтының нейрофизиолог ғалымдары бұл феноменді «Мидың төртінші функционалдық жағдайы – құлшылық жасау арқылы сергу» деп мәлімдеді. Адам миының фазаларының (ұйқы және ояу) өзіне тән биотоктарының ырғақтығы болады. Ал құлшылық (намаз немесе басқа да ғибадаттар) кезінде адамның сана-сезімі төртінші фазаға өтеді екен. Ұйқыдағы жай-күймен салыстырғанда, адам бұл кезде өзімен не болып жатқандығын түсіне алатындай күйде болады. Алайда мидағы биотоктардың тербелу ырғақтығы бұл кезде мейілінше баяулай түседі де, тіпті мониторда ЭЭГ (электроэнцефалограмма( арқылы тіркелетін толқындар изолинияға жетеді. Нақтырақ айтқанда, адам ояу кезінде миында 8-30 герц аралығында альфа және бета ритмдергенерацияланады (туындайды(. Ал құлшылық жасау барысындағы адамның миын тексергенде толқындар амплитудасы 2-3 герцке шейін төмендеген. Адам ихсан не хушу дәрежесімен намаз оқығанда, яғни «ғибадаттатағы транс» кезінде әлгі толқын тіпті бір сызық бойына жинақталған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дәл осы мезетте адамның ағзасын тазалау және сауықтыру механизмі іске қосылады.

Намаз ағзамызда сегіз негізгі және екі қосымша жүйеге толығымен әсер етеді. Орталық жүйке жүйесінен бастап, асқазан-ішек жолдары, қан айналым жолдары, жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, несеп-жыныс жүйесі, эндокринді бездер мен тірек-қимыл аппаратына шейін намаздың пайдасы зор. Қосымша иммундық жүйе мен репродуктивті жүйе сапасына да берер пайдасы мол. Әсіресе, жүрек пен қан айналым жүйесінің жұмысына да намаздың пайдалы әсері бар. (жалғасы бар)

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 68 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: