23:26
Ислам және медицина

МИСУАКТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Мисуак – «Әрак» (Salvadora persica) атты ағаштың майда бұтақтары не тамыры. Басты ерекшелігі – 100% табиғи өнім. Химиялық құрамы таза болғандықтан, тіс пен қызыл иекпен қатар ағзаға пайдасы мол. Құрамына көптеген биоактивті және минералды заттар топтастырылған: дубил қышқылы, сода бикарбонаты, целлюлоза, эфир майы, алкалоидтар, минералды тұздар, фтор, кремний, С дәрумені, сапониндер, стирол, флавоноидтар, триметиламин, кремдік т.с.с. заттар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1986 жылғы зерттеуінде таза өнім тұрғысынан мисуак қолдануға кеңес берген. 2003 жылы ДДСҰ жүргізген зертеу жұмысы нәтижесінде синтетикалық материалдан жасалған жай тіс щеткасымен салыстырғанда, мисуактың анағұрлым пайдалы екенін тағы да анықталған. Тіс пасталары ауыздағы залалсыз, зиянды бүкіл микробтарды жояды. Ал мисуак болса, тек зияндыларын өлтіреді.

«Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тістерге зиян. Ең абзалы қатты тіс щеткасын пайдалану. Басында тістерді қанатса да, қорықпау керек. Тістің еттерін күшейтеді, одан соң қанамайтын болады», - деп ең ежелгі медициналық жинақтама кітабында жазылған.

Ал Сауд Арабиялық зерттеуші Құтайбтың айтуынша, мисуактың құрамындағы белсенді биологиялық затар адамның тісі мен тіс жегіге ғана емес, бүкіл иммундық жүйесіне пайдалы болып шыққан.

Қазіргі заманғы зерттеуші-ғалымдардың сөзіне қарағанда, мисуактан артық профилактикалық құрал, әрі тіс ауруларын емдейтін нәрсе жоқ.

Оған мысал ретінде Иллинойс университетінің (АҚШ) ғалымдары жеті жыл мисуакқа зерттеу жүргізіп, оның құрамындағы жеті химиялық затты анықтаған. Бұл химиялық заттар тіс бактериясы мен тіс жегіге (кариеске) қарсы тұратындығын дәлелдеген. «Біз бұл зерттеуімізді жалғастыра береміз», - дейді Иллинойс университетінің периодонтология профессоры Кристин Ву. «Өйткені қазірдің өзінде қаншама компаниялар біздің жұмысымызға қызығушылық танытуда».

Мисуак тісті ағартады. Оның құрамында кремний қоспалары бар. Ауыздың жағымсыз иісін кетіреді, темекінің де иісінен арылтады. Темекінің салдарынан пайда болған тіс пен қызылиек ауруларын емдейді. Сондай-ақ тіс арасында пайда болатын бактериялардың көбеймеуін қамтамасыз етеді. Мисуактың құрамындағы триметиламин тіс құрттағанда, жаңадан тіс шығып келе жатқанда үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, флюидті заттар балалардың құрттаған тістерінің профилактикасына сәйкес келеді. Америка ғалымдары мисуак ағашының ауыз қуысына әсері күшті екендігін мәлімдеді. Оның әсері: қолданғаннан кейін адамның ауыз қуысындағы 80%-ға жуық микроорганизмді өлтіріп, тіс жегінің алдын алып, қызыл иектің берік болуын қамтамасыз етеді. Ол екі тәулік бойы әсерін жоғалтпайды. Мисуак сонымен қатар ауыз қуысы, қызыл ет пен тістің арасындағы биологиялық белсенді нүктелерге де әсер етеді. Бұл нүктелер бес сезім мүшесінің (құлақ, көз, мұрын, тіл және жұтқыншақ), 28 арқа жүйесінің, жалпы алғанда барлық ішкі органдардың жұмысын реттеп отырады.

Мисуак негізі дәрумендерге бай ағаш. Оны қолданған адамда скорбут (цинга) болмайды. Суды асқазанда ассимиляциялайды, әрі асқорытуды жақсартады. Асқорыту процесін жеңілдетеді, анық сөйлеуге, дауысты анық шығаруға көмектеседі.

Қазіргі уақыттың медицинасы тіс саулығы тұрғысында жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні 1500 жыл бұрын үйретіп кеткен. Тіске керемет пайдалы болған мисуак ең қарапайым әрі жақсы тазалағыш болып есептеледі. Тістердің шіру процесінің алдын алу үшін де мисуак қолдану пайдалы.

Мисуак жайлы хадистерге келер болсақ, ардақты Айша анамыздың атйуынша, үйге келе салғандағы және ұйқыдан оянғандағы (мейлі күндіз, мейлі түнде болсын) Пайғамбарымыздың алғашқы қолға алар ісі ауызды мисуакпен шаю юолған (Шауқани М.Нәйлүл-аутар, 121).

Расулулла (с.ғ.с.) мисуак жайлы былай деген:

«Мына төрт нәрсе пайғамбарлардың сүннеті: қарапайымдылық, әтір себіну, мисуак қолдану және некелесу» (Тирмизи, Неке, 1);

«Үмбетіме ауыр соғады-ау дегенімізде әр намаздың алдында мисуакпен тіс тазалап тұруды бұйырар едім» (бұхари, Жұма, 8);

«Мисуак қолданыңыздар, ол ауыз тазалығына әрі Жаратушының разылығына себеп» (Суюти, әл-Жамиғ әс-сағир, 4832);

«Мисуак қолдану жайлы Жәбірейіл періштенің жиі кеңес беретіні сонша, мен өз тістерімнен (түбін ойып жіберем бе деп) қорқа бастадым» (Кутубу ситта, 6043);

«Түсімде мисуакпен тісімді тазалап тұр екенмін. Бір уақытта жаныма екі кісі келді. Мен мисуакты жасы кішісіне бермекші болғанымда, ересегіне беру керектігі ескертілді. Мен ересегіне бердім» (Муслим, Руя, 19);

«Мисуак қолданып оқыған намаз мисуаксыз оқыған намаздан 70 есе артық» (И.Нәжжар);

«Мисуак – ауыздың тазалығы, Раббының ризалығы» (Бұхари, Насаи), - деген секілді біршама хадистерді айтқанына қарағанда бұл тегін емес екені аңғарылады.

Мисуактың химиялық құрамында мынадай табиғи заттар бар. Дубил қышқылы, сода бикарбонаты, целлюлоза, эфир майы, алканоидтар, минералды тұздар, фтор, кремний, С дәрумені, сапониндер, стирол, флавоноидтар, триметиламин. Бұл заттардың ауыз қуысы мен тіске тигізер пайдасы орасан. Түрлі аурулар мен қабынулардың алдын алады.

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 84 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: