07:53
Ислам және медицина

ДӘРЕТТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПАЙДАЛАРЫ

Дәрет алу қай ағзаларға пайдасын тигізеді екен:

1) Әуелі дәрет алатын адам – тазалану, күнәсінен арылу және Алланың разылығына иемдену үшін ниет етеді, яғни тазалану әуелі рухани ойдан басталады. Бисмилләсін айтады, өйткені ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алланың есімі аталмай дәрет алған адамның дәреті жоқ», - деген (Ибн Мәжә). Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім бисмилләһпен дәретін алатын болса, денесінің барлығын жуғандай болады. Ал дәрет алғанда алланың аты аталмаса, тек дәрет мүшелерін тазалаған болады», - деген (Шәукани). Содан екі қолын, саусақтарының арасын салалап жуады, өйткені медицина жағынан қарасақ, микроб пен бактериялар тез шоғырланатын жерді сабындап жуу керектігі айтылады. Қолды тазартып қана қоймай, саусақ арасын салалағанда жүйкеге, стресске қарсы жаттығу жасаған болады;

2) Аузын үш рет жуу. Ауыз қуысында пайдалы-пайдасыз бактериялар өте көп шоғырланғандықтан, ауызды сумен шаю оларды бір тазартып алудың тағы бір әдісі. Ауыз қуысы мен тіс ортасында тұрып қалатын тағам қалдықтары немесе асқазан жолдары арқылы келетін келеңсіз иістен су арылтады;

3) Бетін үш рет жуады. Бұл әрекет бетке әр беріп қана қоймай, құрғақ болудан сақтайды. Әрі көзге жаттығу жасайды. Мүміннің дидары неге нұр шашып тұрады деген орынды ой келеді. Әлгі бұған дейін айтқандай, небір негативті энергия денеге өз өнегін салады. Сол энергияның ең болымсыз әсері – ол тері астындағы кішігірім бұлшықеттерге қатысты. Мінекей, жастайынан дәрет алып жүрген адамның жүзі нұрлы болуы осыған байланысты;

4) Кейін кезегімен екі қолын шынтағымен қоса жуады. Қолдағы лак, бояу, жалпы судың теріге сіңуіне кедергі болатын заттан арылу қажет. Қолды да көптеген улы заттардан зарарсыздандырады;

5) Басына мәсіх (сипау( тартады. Басқа жеңіл жаттығу мен массаж жасаған болады. Шашта көптеген шаң-тозаңдарды қағып, ылғандандырады. Бастағы рецепторларды қоздырып, тез сергітеді;

6) Құлақ пен мойынға мәсіх тартады.

Шығыс медицинасына сәйкес, құлақта көптеген ағзаның тетіктері, былайша айтқанда, денедегі барлық нүктелердің микросхемасы бар екен. Сондай рефлексиялық (яғни жүйке арқылы( шамамен 170 биологиялық белсенді нүкте бар. Құлақты сипау арқылы нүктелерге жаттығу жасалынады, жүйкені тыныштандырады. Құлақтың ішін сипаумен тепе-теңдікті қалыптастырып құлақ ауруына қарсы тұрады. Осы орайда сол нүктелерге массаж жасау өнерін игеріп, өз денсаулығын нығайтады, жақсы жұмыс істейді және стресстік жағдайларда өздерін бақылайды. Сондықтан кейбір адамдар ауырып қалғанда, құлақтың белгілі бір аймағында ауырсыну сезінеді. Тәжірибелі құлақ маманы адамның қай органы ауырып тұрғанын біле алады. Сонымен қатар ол ішкі органдарға массаж арқылы әсер ете алады. Кейбір ішкі органға сәйкес келетін құлақ нүктесін басу арқылы адамның қан айналымын жақсартуға және жүйке жүйесін реттеуге болады.

Швед ғалымдары құлақшалардағы әжімдердің көп болуы жүрек талмасына ұшырау қаупі жоғары екенін анқытады. Олардың статистикасына сәйкес, ауыр жүрек ақауы бар адамдардың 80%-ы 40 жасқа дейін құлақта әжімдері бар жандар болып шықты. Құлақтағы көп қатпарлар адамның қан тамырлары ауруы (атап айтқанда, атеросклерозбен зардап шегетінін) және қант диабетімен ауыратындығын ишара етті. Алайда мамандар бұл байланысқа әлі де нақты түсінік бере алмайды.

Медицинада «Фрэнк белгісі» деген сонау 1973 жылдан бері қолданыста жүрген термин бар. Бұл белгі құлақтың сырғалығында көлденең қиғаш сызық болса, ол жүректе ақау барын білдіреді.

Мұсылмандар атажауы – әһли китаб (кітап иелері) яһудилер де құлақ кескіні туралы қызық зерттеу жүргізген. Олар құлағында әлгі Фрэнк белгісі бар 88 науқасты белгілі уақытта бақылаған. Күткендей 78-інде инсульт болыпты, кейін тағы зерттеу жүргізілгенде 153 науқастың 122-сі микроинсульт алған екен.

Демек, әр намаз алдында дәрет алған сайын адам құлаққа сулы қолымен мәсіх тартып, уқалап массаждау арқылы жүрек және ми-қан тамыр ауруларының алдын алады екен.

6) Оң аяғынан бастап, тобығымен қоса екі аяғын жуады. Аяқтың нүктелеріне жаттығу жасайды, әрі аяқтың иістенуәне тосқауыл болады. Аяқ жуылғанда демалады әрі сергиді. Аяқ саусақтарының арасын жуа отырып, қан айналымы жанданады.

Дәрет, тіпті, ашу-ызаны да басады. Бұл жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ашу-ыза – шайтаннан. Шайтан – оттан жаралған. Олай болса, бойыңызды ашу-ыза кернегенде оны жеңу үшін дәрет алыңыз»(Әбу Дәуід), - деп, эмоционалды салқынқандылықты үйретіп кеткен.

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 57 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: