07:32
Ислам және медицина

ДӘРЕТТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПАЙДАЛАРЫ

Несеп-жыныс жолында қалып қалған зәр қалдықтары бүйрек пен бүйректен шығатын несеп түтікшесінде бактериялар мен микробтардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл түрлі микробтардың жиналуына және аурулардың артуына жол ашады. Содан зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы) секілді аурулар жиі кездесіп жатады.

Нефрологтардың айтуынша, пиелонефриттің профилкатикасы қуықтағы зәрден толығымен айығу болып саналады екен.

Несеп тым қою болғанда оның құрамында түрлі заттектер кристалдана бастайды, кейіннен олардан тастар түзіледі. Несепағар бойымен тас жүргенде адамда күшті ауырсыну пайда болады. Бүйрек тастары бүйрек түбекшелерінде, тостақшаларында немесе несепағарда түзілуі мүмкін.

Несепте критсалдануға қабілетті заттектер көп болса да, бүйрек пен несепағарда тастардың түзілуіне себеп болады. Зәр концентрацияланып, жинақтала берсе, тас пайда болады.

Адам бүйрек ауруларына дереу мән беріп, емделмесе, ертең созылмалы бүйрек ауруларына шалдығады. Сонымен қатар ер азаматтарда простатит болуы да ғажап емес.

Қуықасты безінің қабынуы – еркектер үшін өте қиын және отбасы бақытына әсер ететін ауру екені баршамызға мәлім. Жалпы кіші дәретке тізе бүгіп отыру, зәрдің толық экскрециялануымен (шығуы) жүреді, яғни бүйрек несептен толығымен босаңсиды. Осы орайда орынды сұрақ туындайды, қаладағы үйлерде биік унитаз, ауылдық және жер үйлерде төменге отырылатын дәретханалар ғой. Бұл да унитаздан гөрі жерде отыру позициясы ағзаға пайдалы екендігін көрсетеді, себебі кіші дәрет пен үлкен дәрет толығымен шыққанына қуық пен ішектер рахаттанады, нәжіс өтетін жолдарда бөгелмей, сыртқа шығады. Зәр жолдары, тоқішек сияқты ішкі органдар ауруларының неліктен мұсылмандарда азырақ кездесетінін зерттеген шетелдік медицина мамандары мұның себебін биік унитаз қолданбауында екенін анықтаған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты Т.Ә.Ізмұхамбетов бір сұхбатында қызмет бабымен Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлерінде хирургия саласында өзінің көп жыл қызмет атқарғанын айтқан еді. Сол аймақтардағы мұсылман дінін ұстанбайтын өзге ұлт өкілдеріне тікішек аурулары, көтеу (геморрой), проктит, парапроктит, көтенішектен қан ағу, артқы өтістің сызаты немесе аналдық сызат т.с.с. асқынулар көптеп кездескен екен. Бір қызығы: мұсылманда осы аурулар жиі болмаған. Себебі үлкен дәретке барарда әр мұсылман, әсіресе қазақ аталарымыз бен әжелеріміз қолына құмғанын алып сумен тазаланады.

Дамыған елдер соңғы кездері әжетхана қағазынан бас тартып жатыр. Әлем ғалымдары қағаздан болатын зардаптар туралы мақала жариялады. Оның орнына биде деген миниунитаз, яғни су шашыратқыш құрылғысы бар.

Осы бір пайғамбардың кіші дәретке отыру әдебінің ақиқатына мұсылман емес елдер көз жеткізіп отыр. Тіпті кейбір Батыс елдері еркектерді отырып дәрет сындыруға міндеттейтін заң жобасын ұсынуда. Тұрып дәрет сындыруға еркекті простата (қуықасты безі) обырына шалдықтырады және гигиенаға да кереғар. Олар ұсынысын медициналық зерттеуге сүйеніп жасап отырғанын айтуда. Шығыс елдері де, Жапония секілді осы бір заң төңірегінде ой өрбітуде.

(жалғасы бар)     

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 68 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: