22:49
Ислам және медицина

ДЕНЕДЕ АЛҒАШ ПАЙДА БОЛҒАН ТҮК – АДАМНЫҢ ҚАСЫ

Бала күнімізде ата-апамыз бауырсақ, шелпек, не қойдың құйрығын жеп болған соң «майлы қолыңмен қасыңды сүрт» деуші еді. Мұның астырнда терең мән жатқанын үлкендер пайғамбарымыздың хадисінен білсе керек.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өз хадистерінің бірінде: «Кім бетіне май жаққысы келсе, қасынан бастап жақсын, өйткені ол бас ауруын болдырмайды. Қас – бұл адам денесіне шығатын алғашқы шаш», - деп айтқан (Хаким Әл-Катов «Рамуз ал-Хадис»).

Ислам діні туындап жатқан дәуірде осы ғылыми фактіні ашу үшін ананың құрсағындағы ұрықтың дамуын бақылауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құрал-жабдықтар қажет болған болар еді. Ол дәуірде мұндай техниканың болмағаны белгілі, алайда пайғамбарға (с.ғ.с.) осы шындық мәлім еді. Медициналық оқу орындарында оқытылатын «Эмбриология» (проф. Uvies Maskor) оқулығының 207-бетінде мынадай жазбалар бар: «Адам ұрығындағы алғашқы шаштар эмбрионды дамудың төртінші кезеңінде пайда болады, ең бірінші қас өседі».

Ғылыми медицина растап отырған осы шындықты Life Science Library “Growth” кітабының 193-бетіндегі: «Пайғамбар дұрыс айтқан!» - деген сөздер тағы да растай түседі.

«Kids Health» балалар денсаулығы сайтының кезекті нөміріндегіні қазақшалатқанда: «Жүктіліктің 14-інші аптасынан бастап бетте алғаш шаш талшықтары – жұмсақ лануго жолақтары пайда болады», - делінген. Айтпақшы, ата-аналар балаларының денсаулығы жөнінде сұрайтын ең көп қаралатын сайт.

Хадисте «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың хағынетіне душар болады» (Әбу Дауд, Тәрәжжүл-5 (4170), (Бухари, Муслим) делінген.

Дәрігерлер қастың әрбір талы адамның ми жасушасымен байланысты болатындықтан, оның әрбірін жұлғанда ми клеткасының біреу өлетінін айтады.

Бүгінде қасын қылдай етіп теріп, бояп қоятындар да бар. Татуаж жасату сәнге айналып барады. Жалпы, әйел адамның қас жұлуы туралы орынды сұрақтар туындайды. Осыған байланысты соңғы уақыттары қастың қатерлі дерттері дендеп барады. Мысалы, Австралияның 30 жастағы тұрғыны Аманда коатс есімді әйел жеке емханада қасына перманентті татуаж жасатқаннан кейін қасынан «айырылған». Өз қасына қас болған әйел, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін барып мән-жайлы білген екен. «Сұлулық құрбандықты қажет етеді», - деп қасын түгелімен құрбан еткен әлгі әйел өміріне құса болып жылап отыр. Оның сол сұрықсыз бет-келбетін БАҚ өкілдері жарыса жазды.

Кейде аңғал әйелдер сұлуланамын деп жүріп, қалай сұрықсызға айналғанын байқамай, ауруханаларға қасының көгеруімен, көз жанарының зақымдануымен, тіпті түрлі қатерлі ісіктермен де түсіп жатады.

Оған мысал, Оттаваның 24 жастағы тұрғыны, модель Катт Геллингердің көзіне татуировка жасатқаннан кейін көру қабілеті төмендеп, тіпті кейін бір көзі көруден қалды. Пигментті көз алмасына ішіне енгізгеннен кейін, модельде аллергия дамып, іріңді қан аға бастады. Кейінірек Forbes жазғандай, ол өзінің көз жанарын ішінара жоғалтты.

Татуаж бен макияж процедураларының орасан зор зиянды жақтарының бірі – аллергиялық асқыну. Қырғызстандағы Республикалық тері аурулары және жұқпалы аурулар орталығының дерматологы Кундубек Тургунбековтің кезекті қабылдауына әлдебір науқас қасына татуаж жасағаннан кейін қасының ауру сезімі мен домбығуына шағымданып келген. Мұндай пациенттерде бояудан туындаған аллергиялық дерматит диагнозы айқындалады. Бұл ұзақ мерзімді емдеуді талап етеді. Емнен кейін де үнемі дәрігер бақылауында болу керек. Кейде науқастар қабынудың созылмалы болып келетінін ескермейді де ауру кілт асқынады. Бұл жағдайда науқасты пластикалық хирургқа жіберу керек болады. Өйткені татудың орнын кесіп аламаса немесе оны тазаламайтын болса, терең еніп кеткен пигменттің аллергиялық әсері ұзақ уақыт бойы көрініс беріп, еш жазылмауы да мүмкін. Еуропалық синхротон радиация институты соңғы уақытта пигментті құрайтын улы нанобөлшектер теріге ғана тарап қоймай, сонымен қатар бүкіл денеге жайылғанын және олардың құрамында улы титан диоксиді барын, ол қатерлі ісік тудыру мүмкіндігін көрсетті. Татуировка сапасы дамыған Еуропа мен АҚШ елдерінде бұл қызметті бірыңғай мемлекеттік орган бақыламайды. Кейбір зерттеулерге сәйкес, қас бояйтын бұйымдарда хром, никель және кобалть секілді ауыр металдар бар болып шықты.

Мұнымен бітпей, бұл қас бояудан ауыр жұқпалы індеттер жұқтыру қаупі де жоғары екен. Гепатит және оның асқынуы цирроз да осы сурет салудан туындайды. Сол көрші бір туған ағайындар елінің гепатологы Чолпон Идирисованың айтуынша, тату (сурет) қолданылған инелер кейде дезинфекцияланбайды, яғни зарарсыздандырылмайды, соның нәтижесіндежастар В және С гепатитінің ауыр түрлерін жұқтыруы әбден мүмкін. Чолпон дәрігерді тәжірибсесінде бір жас қыздың оқиғасы осы татуаждан екенін анықталып, біраз әбігерге салынғаны, ағзаға бей-жай қарағандықтан зардап шеккені туралы жаңалықтар барыса жазды.

Біздің айтпағымыз, әйелдің қасы көзге ерсі көрінетіндей тымқалың болмаса, тақуалық тұрғыдан жұлмаған абзал. Егер күйеуінің өтініші бойынша қасты ретке келтірсе, еш сөкеттігі жоқ. Дінімізде ниеті тек жарына әдемі болып көріну болғанда ғана әйел адамның әдеміленуіне рұқсат етіледі.

Қазір қасын термесе, «түрім ұсқынсыз көрінеді» деушілер аз емес. қасын қияқтай етіп сызып қоятындар да бар. Әлгінде айтқандай қас жұлудың салдары көптеген ауруларға әкеп соқтыратыны белгілі. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қазақпыз. Сәнденудің «ақыры» сан соқтырмаса болғаны.   

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 67 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: