19:06
Ислам және медицина

МҰХАММЕДУЛ «ӘМИН»

Тарихта талай лық пен алып өткен, дей тұрғанмен пайғамбарымыз жеткізген аяттар мен хадистер ғылымда, медицинада дәлелденіп келеді. «Адамзат үшін әмбебап үлгі-өнеге иесі кім?» деген сұрақ туындаса, бірден Алланың сүйікті елшісі есімізге түседі.

Тіпті сонау жаһилет (қараңғылық) заманында Хақтан елшілік келместен мүшріктер (кәпірлер( Мұхаммедті (с.ғ.с.) «әл-Әмин» деп атаған, яғни «шыншыл». Қандай адам болсын өзінің ең керекті деген құнды затын әйелі мен баласына емес, тап осы Мұхаммедке (с.ғ.с.) әкеліп табыстайтын болған, себебі оның ешкімді алдап-арбамайтыны белгілі еді. Пайғамбардың осы сипаты біз үшін адамгершіліктің тұғыры болу керек. Әділдік пен шыншылдықтың тек рухани ғана емес, денсаулыққа да тікелей әсері барын қазіргі таңда ғылым да мойындады. Ғылыми тұрғыдан шыншылдықтың (адалдық) адам ағзасы үшін бірнеше артықшылығы анықталған.

Америкалық ғалымдар жай ғана алдау әрекетінің өзі адам денсаулығына зиян екенін көрсету үшін эксперимент жүргізген. Олар 18-ден 71 жасқа дейінгі 110 ерікті (волонтер) шақырып, екі топқа бөлген. Бірінші топқа 10 апта бойы шындықты айту тапсырылып, ал екінші топқа әдеттегідей әзіл-қалжың мен өкпесіз өтіріктерді «бұрқырату» бұйырылды. Әр апта сайын екі топ өздерінің денсаулығын тексеру үшін зертханаға келіп, жалғанды анықтайтын детекторға апта бойы айытлған өтірік санын тексертеді. Зерттеу барысында жапасыз деп жалғанды жалпағынан басып айтқан өітірік сөздері олардың психикалық және физикалық денсаулықтарына кері әсер ететіні анықталды. Мысалы, «шыншыл» топтың зерттеушілері өздерінің өтірік сөздерін барынша азайтқан уақытта, меланхолия мен депрессиядан арылып, көңіл-күйлері тұрақтанып, жабырқау сезімдері азайған, бас ауруы мен тамақ ауруынан аз зардап шеккен. Ал ақиқатты астарлап болсын айтатындар өздерінің жақын адамдарымен қарым-қатынасын айтарлықтай жақсартқан, стресстен арылған және мұның бәрі жалпы жағдайларына жақсы әсер еткен. Сонымен, кішігірім нәрселерге де зиянсыз деп санаған өтірік денсаулыққа зиян келтіреді екен.

Қасиетті Құранда: «Алланың аяттарына иман келтірмейтіндер ғана өтірік айтады. Әне, солар – өтірікшілер» (16:105);

«Мынау – адал, мынау – арам» деп ауыздарына келген өітіркті айта бермеңдер. Әйтпесе Алланың атынан өтірік айтқан боласыңдар» (16:116);

«(Мұхаммед с.ғ.с.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің» (39:60).

Сондықтан Алла елшісі (с.ғ.с.): «Расында шындық жақсылыққа бастайды, ал жақсылық жәннатқа бастайды. Бір адам (үнемі) шындық айтса, Алланың жанында шыншыл деп жазылады. Өтірікші жамандыққа бастайды, ал жамандық тозаққа бастайды. Бір адам (үнемі) өтірік айтса, Алланың жанында өтірікші деп жазылады» (бұхари және мүслім).

Басқа бір жерде «Кімде-кімнің бойында мына үш сипат табылса, ораза ұстап, намаз оқып және өзің мұсылманмын деп айтса да, ол екі жүзді адам болады: егер сөйлесе жалған айтады, егер уәде берсе, бұзады және аманатқа қинатқа жасайды», - деген (Бұхари және Мүслім).

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұралғанда, мұсыдман адам қорқақ болуы мүмкін, сараң да болуы мүмкін, бірақ өітіркші болуға мүлдем болмайтынын жеткізген. Ата-бабамыз да «Шындық – шипа, өтірік – дерт», - деп ежелден-ақ басып айтып кеткен.

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 68 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: