20:55
Ислам және медицина

ЖАҒЫМСЫЗ ЖАТЫС

Дінімізде ішпен етпеттеп жату мәкрүһ, яғни ұнамсыз және сауапты азайтатын іс. Осылай жатуды әдетке айналдыру дұрыс емес әдетке жатады. Бұл жатыс жайында Тухфат бин Қайс әл-Ғифари: «Мен сәресі уақытында мешітте қарныммен жатқан едім. Кенет бір кісі аяғымен мені түртті де: «Мына жатыс Алла Тағаланы ашуландырады», - деді. Қарасам: Алла елшісі (с.ғ.с.) екен», - деп жеткізген (Әбу Дауд).

Әбу Һурайра (р.а.) риуаятында: «Алла елшісі (с.ғ.с.) қарнымен жатқан адамды көргенде: «Бұл жатысты Алла Тағала жақсы көрмейді», - деген (Тирмизи).

Медицина тұрғысынан қарайтын болсақ: «Ішпен ұйықтау адам денсаулығына кәдімгідей зиян тигізеді», - деп ескертеді. Американың Майо клиникасының сарапшы ғалымдары «Bustle» журналына берген сұхбатында.

Нәтижеде сарапшы ғалымдар мынадай тұжырымдамаға келген:

  1. Ішпен жату тыныс алуды тарылтады. Ішпен жатқанда кеуде торы механикалық түрде қысылады. Осылайша тыныс алу жолдары таза ауамен толықтай қамтамасыз етілмейді.
  2. Ішпен жату, әсіресе, жүрек қантамыр жүйесінің ауруымен ауыратын қарт адамдарға зиян, өйткені тыныс алу жолдары қызметінің қысылуы қанда көміртек тотықтарының көбеюі (цианоз) себепті, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін қолайсыз;
  3. Ішпен жату барысында миға қан бару процесі бұзылады. Ішпен жатқанда бас бүйір жаққа қисайғанда, мойындағы күретамыр қысылады не жабылады, сол үшін миға қан жеткізу бұзылады. Ал егер екінші күретамыр нашар жұмыс істесе, көбінесе жүрек-қан тамырларының біреуінде түйінделу (чтеноз) немесе булығу болса, онда қан ағысы бұл қан тамырлардан ағуын тоқтатады (жабылады). Тек қана миға қанның аз бөлігін жеткізетін ұйқы күретамыры ғана қалады, бұл мида «гипоксия» туындап, ең жаманы инсультке алып келуі мүмкін;
  4. Ішпен жату көкірекке қысым түсіретіндіктен, егер артық салмақ болса кеудеде, әсіресе, көкетте (диафрагма) қысым жоғарылайды, ішкі ағза қанмен толық қамтамасыз етілмейді;
  5. Омыртқа және дене аурулары бар адамдарға ішпен жату ыңғайсыз, әсіресе бел омыртқасында ауырсыну барларда ауру сезімі пайда болады,
  6. Егер бет теріңізді таза қалпында сақтау қажет болса, ішпен жатпаған дұрыс, өйткені етпеттен жату салдарынан бетте бастапқыда кішкене, кейін үлкен әжімдер пайда болады;
  7. Ішпен жату нәрестелерде кенеттен болатын өлім санын арттырады екен.

Батыс елдерінің ғалымдары енді аңғарып жатқан бұл ақиқатты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) хадис-шәрифі 1400 жыл бұрын болжап қойған.  

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 75 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: