10:40
Ислам және медицина

БЕЙУАҚЫТ

Ұйқының үшінші түрі хумқ – екінтіден кейінгі ұйқы. Қазақта осы уақытты «бейуақ» деп, күн қызарып батып, қараңғы түн әлі түсе қоймаған апақ-сапақ кезді айтады. Ата-бабамыз ұнамсыз ұйқының бұл түріне қатысты «Іңірде жатқан ырыссыз қалар» деген мәтел айтқан.

Ислами тұрғыда «сахих хадисте» күн батқанда жер бетіне жын-шайтандар жайылатындығы айтылады. Сол екі арада қараңғы түскенше біраз уақыт жас балаларды далаға жібермеуді Алла елшісі қатаң ескерткен. Ендеше, бейуақытта ұйықтамаудың бір мәні де осында жатуы мүмкін.

Осы тұрғыда қазақ ырымында «күнмен таласпа» деген сөз де бар. Бұл – күн батар алдында ұйықтамауды білдірсе керек. Бұған қатысты діни негіздеме боларлықтай риуаяттарды кездестіруге болады. Мәселен, бір әлсіз хадисте. «Екінтіден кейін ұйықтаған әлдекімнің басы дел-сал болса, өзінен көрсін», - делінген. Осыдан келіп, кей Ислам ғалымдары асыр намазынан кейін ұйықтауды жеңіл мәкруһ санайды.

Күніне бес уақыт намаз оқу кезінде мұсылман адамның жан әлемі дүниелік істерден ажырап, рухани демалады. Жанымен, ақылымен құдіреті шексіз. Ұлы Жаратушыға бойсұнып, жақындай түседі. Тыныштық пен демалыс жүйке жүйесінің жұмысына тиімді әсер етеді. Намаз стресс пен депрессияны жеңуге жәрдемдесіп, невроздың алдын алады әрі ұйқыны жақсартады. Бұл Құлшылықтың психотерапевтік әрі емдік әсері екенін психологтар да әлдеқашан мойындаған.  

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 83 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: