20:32
Ислам және медицина

ҚАЙЛУЛӘ

Ағылшын ғалымдары да ұйқыны біраз зерттеген екен. «Қысқа уақыттық ұйқы шығармашылық белсенділігіңізді арттырады. Мұнымен қатар, ол бақытты болуыңызға септігін тигізеді», - дейді хартфордшир университетінің профессоры Ричард Вайзман. Алайда тым көп ұйқы кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті түскі уақытта ұйықтап алуды ұйғарсаңыз, жарты сағат уақытқа оятқыш қойып қою қажет. Зерттеу жұмысы британдық «Independent» газетінде жарияланды.

Эдинбургтегі Халықаралық Ғылыми Фестиваль өткізген зерттеуге 1000-нан астам адам қатысқан. Зерттеуден кейін жарты сағат ұйықтағандардың 66%-ы өздерін жақсы сезініп тұрғанын айтқан.

Дәрігер Эдуардо Эстивил бұл жөнінде сеніммен: «Бес жасқа дейінгі балалар үшін бұл міндетті түрде болу керек, ал ересектер үшін күндізгі ұйқы ұсынылады, бірақ ол қысқа болғаны жөн», - деп мәлімдейді.

Дюссельдорф университетінің ғалымдары студенттермен шағын эксперимент жүргізген. Түсте аз-маз қалғып алатындар сынақтарын оңай тапсырған екен. Америкалық ғалымдар балабқшадағы балалардың түскі ұйқысына байланысты зерттеу жүргізген. Суреттер жаттату арқылы жүргізілген сынақта, түсте «тыныштық уақытында» ұйықтамайтындар 65%-ға қателескен, ал түсте ұйықтайтындардың 75%-ы дұрыс шешкен екен. Психологтардың осы зерттеу нәтижесі Proceedings of the National academy of Sciences журналында жарық көрген.

Америка ұйқының қыр-сырын егжей-тегжейімен тексеретін алпауыт «International Association for the study of dreams» деген халықаралық ұйым ашқан.

Араб сөздігінде түскі ұйқы деген мағынаны білдіретін «қайлулә» сөзі әлем тілдеріне әлдеқашан еніп, әрі төл сөздіктеріне кіріп кеткен. Әр халық ұйқының бұл түріне өздерінше ат беріп, әр ұлт әртүрлі атаған. Испания мен Италияның түстігін жайлаған халықтың өмір салтында кеңінен таралған сиеста түсінігі мысал болады. Сиеста – испан тілінде түскі астан кейін аздап ұйықтап алу дегенді білдіреді. Испания мен Италияда, ыстық климатты біраз елде түскі үзіліс кезінде ұзақтығы 30 минуттай болатын ұйқы ұзақ жылдан бері жалғасып келеді. «Қысқа күндізгі ұйқы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімді азайтады», - дейді грек ғалымдары. Жарты сағаттан аспайтын сиестаның табиғи биологиялық сағатты бұзбай, ұйқысыздықты тудырмай, жалпы денсаулықты нығайтып, қан айналымын ретке келтіретіні дәлелденді. Сондай-ақ қысқа ұйқының депрессия мен стресстік жағдайларды бодырмауға септігі бар. Сонымен қатар адамның есте сақтау жады мен оқу үлгерімін жақсартады және адам кешке дейін өзін сергек ұстайды.

Жапонияның денсаулық министрлігі қызмет бабындағы барлық адамдардың түскі астан кейін 30 минут ұйықтап алуын қоштайды. «Инэмури» - жапондық үлгідегі жұмыста ұйықтау әдебі. Токиодағы GMO Internet компаниясы кеңсеге дивандар орнатса, Осакадағы Омеда Бизнес қызметкерлері төңіректегі қоғамдық ұйқы орындарына баруға міндеттелген. Жақында Финляндия мемлекетінде де фирма қызметкерлеріне күндізгі ұйқы міндеттелді. Батыста Ben & Jerry, Google сынды алпауыт компаниялар қызметкерлеріне арнап кеңсеге жатын орындар жасаған.

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 95 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: