06:56
Ислам және медицина

ПАЙҒАМБАР СҮННЕТІ БОЛҒАН ҰЙҚЫ

Ұйқы – Алланың адамға берген керемет сыйы. Ұйқы – ғалымдар шеше алмаған жұмбақ. Адамның өмірінде үлкен рөл атқаратынына қарамастан, бұл процестің қалай өрбитінін айту қиын.

Қалыпты физиологияда ұйқы жайлы көптеген мәліметтер табуға болады. Психоаналитика мен психология ғылымдары ұйқыны зерттеп, ұйқымен емдеу шараларын баяғыдан қалыптастырып жүр. Ал біөз сөз еткелі отырған тақырып ұйықтау қалпы (ұйқы позасы) қалай болу керек деген сұраққа жауап қарастыру. Адам оң немесе сол қырымен, арқамен жату қалыптары арқылы ұйқыға кетеді.

Атақты психиатр Самюэл Данкелдің «Ұйықтау қалыптары. Дененің түнгі тілі» деген кітабында: «Адам түнгі ұйқы кезінде 25-тен 30-ға дейін ұйықтау қалыбын өзгертеді. Егер ол ауру немесе стресс жағдайында болса, онда 100-ге дейін жетуі мүмкін» деп жазылған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам он немесе одан көп қалыпта ұйықтайды. Бірақ көбісі бір-біріне ұқсайды. Самюэл Данкелл барлық ұйықтау қалыбын «Альфа» және «Омега» деп екіге бөлген: бастапқы немесе «альфа қалып». «Альфа» біздің ұйқыға жатқан кезіміздегі алғашқы қалыбымыз. Негізгі немесе «омега қалып» - өзімізге ыңғайлы қалып. Ұйықтап жатқанда, ұйқыдан тұрған кездегі қалпымыз. Дәрігер Самюэл 4 негізгі (базалық) «омега қалыптарды» бөліп қарастырды:

  1. Шарана секілді жату;
  2. Арқасымен жату;
  3. Жартылай шарана секілді жату,
  4. Етпетінен жату.

Ұйқының да өз әдебі бар демекші, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұйықтағанда оң жақ жамбасымен жатқан, яғни жартылай шаранаға ұқсап жату. Ұйқы үшін ең қолайлы кейіп – ананың жатырындағы баланың кейпі. Оң жақ бүйір жағымен, сүннет бойынша иық көрпешеде, бас жастықта, аяқтар бүгіліп жату. Дәрігер Самюэл дәл осылай жатудың ерекшеліктерін ерекше жазып кетеді. Оң жақ бір қырымен жатудың ұйықтаушыға физикалық жағынан ыңғайлы ерекшеліктері бар – бұл қалыпта тізе аздап бүгіледі, дене жылуды жақсы сақтайды. Сондай-ақ дене маңынан ауа еркін алмасады. Дененің ортасы әрі ең маңызды мүше – жүрек жақсы қорғалады. Ұйықтап жатқанда адам еркін қозғалады. Дененің қалыпты күйін бұзбай, бір қырынан екінші қырына оңай ауыса алады. Басқа қалыптарда қозғалыс кезінде денеге ауырлық түседі. Бұл қалыптың физикалық жайлылығы адамның қоршаған ортаға оңай бейімделе алатындығын көрсетеді. «Осы қалыпты таңдайтындар әдетте сенімді және салмақты болып келеді. Олардың психикасы да бірқалыпты», - деп қорытындылайды.

АҚШ-та жарық көретін «The Journal of Neuroscience» басылымында америкалық ғалымдар жазғандай, адам миының улы заттардан тазару қарқыны оның қалай ұйқыға жатқанына, қалай демалғанына байланысты екен. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, магниттік-резонанстық томографияның көмегімен үш қалыпта, атап айтқанда, шалқасынан, қырынан және етпетінен жатқанда адамның лифматикалық жүйесінде арқа миы сұйықтығының қалай айналатынын қадағалан. Тәжірибе нәтижесі бойынша бір қырынан жатқанда ғана лифматикалық жүйедегі сұйықтық айналымы әлдеқайда жақсы көрсеткішке ие болады екен. Бұл жаңалық өз кезегінде ақыл кемістігі, Альцгеймер секілді ауруларды алдын алуда қолданылатын болады.

Дәрігерлер де оң жақпен жатуға кеңес береді. Осы жатыста ұйықтаған адамның артериялық қан қысымы түсіп, жүрек соғысының жиілігі төмендейді. Бұл әсіресе жүрек аурулары барларға маңызды. Сол жақпен жатқанда жүрекке салмақ түсіп, жүрек қысылады. Ал оң жақпен жатқан адам жақсы ұйықтайды дейді кардиологтар. Сол жақпен жату жүректің қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Ұйқыдағы адамға жүректің қысылмауы аса маңызды. Жүрек кеуденің сол жағында орналасқандықтан оған салмақ түспеу үшін ұйқыға оң жақпен жантайған абзал. Оң жақпен жатқанда жүрек толық тыныштықта болады. Бұл өкпе мен жүрекке пайдалы. Сонымен қатар оң жақ жамбаспен жату бауыр, асқазан және асқорыту жұмысын дұрыс қалыпқа келтіреді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үлгі етіп көрсеткен сүннетін кейінгі үмметі өзінің күнделікті әрекетіне айналдырғанына он төрт ғасырдай болды.      

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 90 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: