20:57
Ислам және медицина

ЖАЯУ ЖҮРГЕНІҢ – ҰЗАҚ ӨМІР СҮРГЕНІҢ

Сиярдан белгілі болғандай, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) салауаты өмір салтын бекем ұстанған әрі өзгелерге үлгі еткен. Пайғамбар отбасынан алыстап, тауға баратын. Қазіргі Хира үңгіріне барар жолдағы Жабалун-Нур тауына шығу оңай болғанымен, пайғамбар дәуірінде ол тауға шығу айтарлықтай физикалық күшті талап еткен. Ардақты сахаба Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) пайғамбар жүрісі жайында:

«Мен Алла елшісі секілді тез жүретін адамды көрген емеспін. Ол жүргенде тіпті жердің өзі оған қарсы алуға шыққандай жақындады. Біз оның ізінен қалмау үшін аз күш жұмсамадық» (Тирмизи).

Жаяу жүрудің пайдасы турасында осыдан 2400 жыл бұрын Гиппократ: «Жаяу жүру – адам үшін ең бірінші медициналық көмек» деп айтқан. Қазір дәрігер-ғалымдар қол алысумен қатар жаяу жүру арқылы жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу, ерте диагностикалау жағын зерттеуде. Жүрісі нашар әрі баяу адамдардың инфаркт не инсульт алу қаупі жүрісі ширақ әрі шапшаңдарға қарағанда жоғары екені анықталуда. Бостон (АҚШ) медициналық орталығының дәрігерлері мен ғалымдары да орта есеппен 62 жастағы 2410 адамның миын сканерлеп, қол алысу мен жүру жылдамдығын бақылаған. Нейрология Академиясындағы кездесуде ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 11 жыл өткен соң, қол алысу күші мен жүрісі әлсіз адамдардың – 34-інде ақыл ес даму кемістігі байқалып, 79-ы инфарктқа шалдыққан.

«Баяу жүріс – деменция мен мезгілсіз өлімнің жаршысы», - дейді ғалымдар. Дьюк университетінің (АҚШ) психология және нейробиология кафедрасының қызметкерлері мен Дания, Ұлыбритания және Жаңа Зеландиядағы ғалымдармен бірігіп жүргізген зерттеу нәтижелері осындай қорытындыға келді. Жай жүру жылдамдығы – дененің өмілік функциясының бәсеңдеуінің белгісі екен. Зерттеу авторлары баяу жүруді дененің, мидың ерте қартаюының көрсеткіші ретінде қарастыруға болады, әсіресе, жас адамдарда дейді.

Бұл гипотезаны растау немесе жоққа шығару үшін зерттеушілер Жаңа Зеландияның Данидин қаласында 1972-1973 жылдары туылған 904 адамға қатысты дерекке талдау жасады. Ғылыми мақсатта бұл адамдардың денсаулығы мен өмір салты туралы әртүрлі ақпарат жиналады. Олардың барлығы үнемі әртүрлі тексерулерден өткен, тесттер мен сауалнамаларға қатысқан. Зерттеу авторлары жаяу жүру жылдамдығы, мидың қызметі мен құрылымы туралы мәліметтерге, сондай-ақ 45 жасқа толған қатысушылардың физикалық денсаулығының әртүрлі аспектілеріне назар аударды. Магнитті-резонанстық бейнелеудің нәтижелері шапшаң құрдастарына қарағанда, баяу жүретіндердің миының ерте қартайғандығы анықталды.

Ата-бабамыз «Жаяу жүргенің – ұзақ өмір сүргенің» деп бекерге айтпаған ғой.     

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 85 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: