19:30
Ислам және медицина

СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АНАСЫ

Сәлем сөзден бұрын беріледі. Ислам әдебінде сәлемдесуге аса зор ықыласпен мән берілген. Сәлемдесу, сәлем алу турасында құранда: «Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар!» [4:86] деп айтылған.

«Кіші үлкенге, жалғыз кісі екі адамға, аз көпке, мінуші жаяуға, жүргінші отырғанға, тұрған кісі отырған адамға сәлем береді» (Рамуз әл-әхадис).

Асыл дінімізде «Мусафаха» деген ұғым бар. «Мусафаха» - екі адамның оң қолдың алақанын бір-біріне жабыстырып, екі бас бармақтың жанын бір-біріне тигізу деген сөз. Амандасудың бұл әдебі төрт қолмен орындалса жақсырақ болады. Екі мұсылман сүйіспеншілікпен «мусафаха» жасап қол алысатын болса, күнәлар төгіледі. «Мусафаха» сүйіспеншілік және достықты тудырады.

«Әр елдің салты басқа» демекші, мұсылман елдерінің сәлемдесу салты да әртүрлі. Десе де сәлемдесудің қай түрі де асқан ғибрат пен ынтызарлыққа толы.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Хазреті Адамнан хазреті Ибраһимге дейін сәлемдесу бір-біріне сәжде ету арқылы жүзеге асатын еді. Кейіннен құшақтасуға айналды. Ал менің заманымда қолмен мусафаха ету сүннет болды»;

«Екі мұсылман мусафаха етсе, қолдарын тартпай тұрып күнәлары кешіріледі»;

«Кімде-кім мүмин бауырын зиярат етіп, мусафаха жасап қолын үш рет сілкісе, қолдарын тартпай тұрып екеуінің де, ағаштан жапырақ төгілгендей күнәлары төгіледі»;

«Мусафаха жасап Аллаға мақтау айтылса, күнәлар төгіледі»;

«Екі мұсылман сәлемдесіп, мусафаха жасаса және сонымен бірге салауат оқыса, жаңадан туылғандай бүкіл күнәларынан тазаланады»;

«Расында, адамдардың ішінде Алла Тағалаға ең жақыны басқаларға бірінші болып сәлемдескені»;

«Ислам бұйырған қайырлы іс – танитынға да, танымайтынға да сәлем беру»;

«Араларыңда сәлемді таратыңдар» деген секілді хадистерде екі кісі кездескенде сондай ынтызармен, асқан махаббатпен әрі сүйіспеншілікпен қол алысып, амандасуға құштар болса, сол адамның күнәларымен қоса, денсаулығы да мығым болады екен. Оған мысал ретінде жуырда жүргізілген ғалымдардың тұжырымдамаларын айтуға болады.

«Қол алысу» күші арқылы, яғни адамның қалай амандасқанына қарап, кенеттен болатын өлімді алдын-ала болжауға болатын қарапайым әдіс табылды. «әлсіз қол алысу ерте қайтыс болу қаупін тудырады, бірінші кезекте, жүрек-қантамырлары ауруларына байланысты, инфаркттың не инсульттің жоғары қаупі бар екенін көрсетеді», - дейді ғалымдар. Денсаулықтағы елеулі ауытқуларды ерте диагностикалаудың жаңа, жылдам, сенімді және қолжетімді қарапайым ретінде мамандар осы амалды ұсынды. Бір зерттеуде әлемнің 17 елінен 140 мыңға жуық ересек адамды жинаған, екінші зерттеуде 13 елден 50 мыңдай еріктінің денсаулығы мен күшін талдады. Қатысушыларды бақылау орта есеппен 4-5 жыл бойы жүргізілді. Жалпы бұлшықет күшін көрсететін қолды қысу күшінің көрсеткіштері динамометрмен өлшенді. Қолдың күші төмендеуі мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін 16%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруынан болатын асқынулар. Инфаркт миокардын 7%-ға, инсультты 9%-ға арттырады екен. Темекі тартуы, алкоголь тұтынуы, жас мөлшері, физикалық белсенділігі, білім деңгейі және басқа да факторлардың жүрек-ұантамыр ауруларына әсер етуін ескере отырып, бұл қатынас өзгерген жоқ. Зерттеу қорытындылары атақты ғылыми журналдарда жарияланған.

Ағылшын сарапшыларының зерттеу нәтижелері бойынша 4654 адамға қол беріп амандасу үшін МРТ-мен тексергенде – адамда қолдың қысуы күштірек, жүрек соғысы жақсы жұмыс жасайтыны және жүрек-қантамыр ауруларының қаупі төмен екенін туралы қорытынды жасалып, «Plos One» журналында жарияланды. Сынақтар 6-7 жыл аралығындаекі рет зерттелді. Нәтижеге әсер етуі мүмкін барлық факторлар – дене белсенділігінің деңгейі, бұлшықет массасының өзгеруі және т.б. триггерлер ескерілді. Зерттеудің авторы Стеффен Питерсеннің айтуынша, «қол алысу күшін өлшеу – жүрек ауруларына шалдығу қатері жоғары адамдарды анықтауда таптырмас қарапайым тәсіл және инфаркттың алдын алуға болатын қолжетімді әдіс».     

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 94 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: