09:32
Ислам және медицина

ТАМАҚТАНУ ӘДЕБІ

Ислам діні әдептілікке, тазалыққа, көркем мінезге құрылған дін. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өз үмметіне су ішудің де тәртібін үйреткен. Ардақты сахаба анастың (р.а.) айтуынша: «Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.( су мен сусындарды үш деммен бөліп ішетін болған».

Ағзамызға терімен не ауыздан кіретін антиденелерге біздің иммунитет ауыз қуысында-ақ шабуылын бастап кетеді. Ауыз қуысымен қатар мұрын-танау кеңсірігінде де бұл иммунитет күресі тынбай, ағзаның қорғаныс күшін үнемі жаңартып отырады. Біз суды бөліп-бөліп ішсек, онымен бірге енген микробтарды иммунитет зарарсыздандырып үлгереді, мысалы, баспа (ангина) тек ауа-тамшылы ғана емес, сонымен қатар тағамдар мен су арқылы да жұғуы мүмкін. Сондықтан пайғамбар (с.ғ.с.( осындай көзден көмескі заттарды білген.

Сонымен қатар құрғақтай ас жеу ғана емес, сусын ішу туралы да ардақты Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Түйе сияқты барлығын бір сәтте ішпеңдер, бірақ екі не үшке бөліп ішіңдер».

Бүгінде мамандар суды бірден тауысып ішіп тастау ағзаның гидробалансын бұзып, бастың айналуына, бас ауруына себеп болатындығын айқындады. Асықпай бөліп-бөліп ішу судың организмге жақсы сіңірілуін қамтамасыз етеді екен. Бүйректе тас, құм мен тұз секілді конкременттер түзілмеуіне себеп болады. Суды аптықпай баяу ішу хирургияда белең алған ас-қорыту ауруларында, жедел және созылмалы қабынуларда, әсіресе созылыңқы іш қатуда өте пайдалы екені бірнеше мәрте дәлелденді.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) үмметіне (мұсылмандарға) түрегеп су ішуге тыйым салған. Неге? анатомияда асқазанның кішігірім иіңкі бөлігін (малая кривизна) басқаша «Вальдейер жолақшасы» деп те атайды. Сол Вальдейер қуысы арқылы сұйық тағам, сусындар 12 елі ішекке өтеді. Егер адам түрегеп сұйықтық ішетін болса, су еш кедергіден өтпестен, тура 12 елі ішекке бірден барады екен. Ал отырып ішсе, ас баспалдақтан не эскалатордан өткен зат сияқты белгілі барьерлардан өтіп, асқазанда біраз бөгеледі. Түрегеп тұрып ішкенде сұйықтықтың адам ағзасына еш пайдасы болмай қалады. Адам сұйықтықты отырып ішетін болса, алдымен ол қарынға жиналып, сол жердегі тұзқышқылдарымен байланысып, құрамындағы микроорганизмдері өледі, содан барып 12 елі ішекке жетеді екен.

Теледидарда күнделікті жарнамаларда түрегеп тұрып су ішіп тұрған адамдарды көрсетеді. Алла елшісі су мен тамақты оытырп ішу керектігін нұсқап кеткен. Оған мысал мына хадистер: «Егер түрегеп тұрып су ішкен адам асқазанына келтіретін зиянды білгенде, ішкен суын құсып жіберер еді» немесе «Түрегеп тұрып су ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып, түрегеп тұрып су ішсе, құсып, шығарып тастауға тырыссын».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аса ыстық тағам жемейтін әрі «Тамақты ыстық күйде ішудің берекесі жоқ, Алла бізді отпен тамақтандырмаған» деген. Медицинада аса ыстық тағамнан, су мен шайдан асқазан аурулары, соның ішінде тамақ пен өңештің қатерлі ісік аурулары өршіп кетуі мүмкін. Өңештің қатерлі ісігін қазақта «қылтамақ» ауруы дейді. Темекі шегу мен насыбай ату да қылтамаққа әкеледі.

Пайғамбарымыз өзінің үмметінен қауіптенген төрт заттың ішіндегі ең бірінші айтқаны – «кибарул батн», яғни тамаққа деген шектен тыс тәбетті, шамадан тыс ішіп-жеуді айтқан. Осының нәтижесі абдоминалды семіруге (абдомен – қарын) шалдықтырады. Қазіргі таңда абдоминалды семіру өзекті әрі қауіпті мәселеге айналып отыр.

Жақында жаңалықтарда семіздіктен туындайтын қатерлі ісік темекі шегетіндерде кездесетін қатерлі ісіктен де қауіптірек деп жариялады.

Семіру – түрлі аурулардың басты факторына айналуда. Артық салмақ ең алдымен жүрек-қан тамыры ауруларының басты провакаторы (қоздырушысы). Артериялық қан қысымының көтерілуі, инсульт пен инфаркт, қант диабетінің де себепшісі шектен тыс семіздік.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, семіз адамдарда қатерлі ісік ауруы үш-төрт есе көбейіп келеді екен. Америка ғалымдары жасөспірімдерден бастап кәрілерге дейін жарты миллион адамның денсаулық жағдайы туралы 1982-2014 жылдар аралығындағы медициналық тексерудің нәтижелерін сараптаған. Зерттеушілер 2014 жылдың соңына дейінгі кезеңде ұйқы безі қатерлі ісігі бар науқастардан алынған ақпаратты салыстырып, қорытындысында семіздік факторы, яғни адамның дене салмағы ұлғайған сайын ұйқы безі (асқазан асты) обырының даму қаупі де тура пропорционалды болатынын анқытаған.

Сондықтан атамыз қазақ: «Тәтті-дәмді мың болар, денсаулық деген бір болар», - деп бекер айтпаған. «Сынықтан басқаның барлығы жұғады» демекші, семіру де жұқпалы індет екен. Айнала толы семіз адамдар болса, арық жандардың да солардың қатарына қосылу ықтималдығы жоғарылайды екен. (жалғасы бар)

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 95 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: