12:30
Елордамызға - 15 жыл!

АРМАН ҚАЛА – АСТАНА!

Әлбетте, Елордамыз Астанамыз әсем де асқақ қалалардың бірегейі болып табылады. Он бес жылдың ішінде танымастай өзгеріп, елдік-мемлекеттік һәм қоғамдық-әлеуметтік ғимарат-мекемелермен құлпырып, халқының саны еселеп артып, жасыл желекке оранды емес пе. Дүние жүзінің назарын өзіне аударып, қонақ-меймандарды таңдандырды да тамсандырды. Қарыштай өрлеу әлеуеті әлі де баянды болашақтың еншісінде.

Бұл күндері асқақ Астананы өлең-жырға, саз-әуенге, сәндік-қолданбалы өнерге тиек ету ұлттық брендке айналып отыр. Мұндай әмбебаптық жауһарлар Астананы одан бетер аспандатуда. Осынау шаһарды көрген де арманда, көрмеген де арманда.

Қарт Ертіске жардан жағалайтын Бесқарағай ауылында да Елордамыздың он бес жылдық мерейтойын өздігінше атап өтті. Айталық, мектеп алдында болған мерекелік шара барысында Қызылағаш ауылдық округінің бас маманы Байтілеуова Ж.Ш. тақырыптық ықшамдалған мағлұматтарға тоқталып, бесқарағайлықтарды аталмыш мерейтоймен жүрекжарды құттықтау тілегімен өрнектесе, ұлттық-мемлекеттік мерекелерде өзінің шешендік қарым-қабілетімен ұдайы төбе көрсетіп жүретін қадірлі ардагер ұстаз Ақатаев Д.А. Астана құрметіне жан-жақтан жинақтаған өлең шумақтарын мәнерлі түрде жатқа оқып, көрермендерді бір желпінтіп тастады. Ал ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірғалин С.Ә. және құрметті зейнеткер Дөненбаева Д. "вальс королі» атанған атақты Шәмші әндерінен құрамдалған попурри шырқаса, күміс көмей әншілік өнерімен танылып жүрген Увакова Л.Қ. домбыралы-эстрадалық әуеннің сүйемелдеуімен туған жер, Астана тақырыбын арда асқақтатқан әндерді, Ибраһим Б.К. Елбасы Н.Назарбаевтың сүйікті әндерінің бірі әйгілі «Заречная көшесіндегі көктем» әнін ұлтаралық тіл – орыс тілінде нақышына келтіре орындап, Астана мерейін Президенттің туған күнімен әрлей түсті. Ал түстен кейін мектеп жанындағы шағын футбол алаңында жолдастық кездесу ұйымдастырылып, тартысты ойын түзілді.

ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 781 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: