03:04
Елімнің тағдыры - менің тағдырым

«Отан – қуат, отбасы – шуақ» дегендей, менің туған жерім Қазақстан, бүгінде Қазақстан кеңестік елдер арасындағы ең алдыңғы қатардағы ел болып табылады. Әлем біздің Республикамызды Азия аймағындағы көшбасшы, сенімді серіктес ретінде қарайды. Қазіргі кезде Қазақстан өз даму жолында таңдаған тиімді де тұрақты моделі басқа елдердің көңілін аударуда. Экономиканы тұрақты және серпінді дамыту, халықты тұрақтандыру мен ел жағдайын жақсарту міне осының нәтежесі республиканың саяси жүйесін жетілдіру үстінде. Тәуелсіз жиырма бір жыл ішінде Қазақстан даму жолында міндеттен міндетті жүзеге асыру барысында.

«Көптің күші көлдей, көшіп жүрген елдей» демекші, Қазақстандық ғажайыптың тағы бір құпиясы – халықтың еңбегінде. Еліміздің дамуындағы халықтың алар үлесін де атап өткен жөн. Екінші байлығымыз – ол біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі мен бауырластығы. Қысқа мерзім ішінде еліміз үлкен асуларды бағындырып, қиындықтарды жеңіп, экономиканың біршама өсіміне қол жеткізді. Бүгінде біздің экономикамыз әртараптандыруға атсалысуда. Біздің ел алдымен экономика, содан кейін саясат қағидасын ұстануда. Осының арқасында ел даму үстінде. «Көп біріксе – ел болар, көп тілегі көл болар» деп дана айтқан  халқымыздың әл-ауқаты көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысы өсуде. Миллионнан астам Қазақстандық  өз баспаналарына өзі қожайын болды, қаншама мектептер мен ауруханалар тұрғызылды. Экономиканы өркендете отырып, біздің еліміз әлемге танымал.  «Егемен елдің еңсесі биік» дегендей бүгінгі күнде еліміз әлі талай асуларды асуға белім бекем бууда, ал ел алдындағы жаңа міндет серпінді дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті тұр. «Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан» демекші, бүгінгі күні елімізде әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және қазіргі заманның талаптарына сай жауап беретін жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан да республикамыздағы білім саласында жаңа көзқарас, жаңаша оқытудың сан түрлі үлгісі, бағдарламасы, жоспары пайда болғанын атап өткен абзал. «Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті» немесе «Жеріне қарай жемісі» деп қате ескермеген халық даналығы, сонда ғана сапалы білім алған жастарымыз өз заманының, өз елінің лайықты маманы болмасына кім кепіл? Сонда ғана нарықтық бәсекеге төтеп беруге болады. Өйткені ел экономикасының өркендеуі де, алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіру стратегиясы осы еліміздегі білім сапасына да байланысты.

«Ел барда, ер қор болмас, ер барда, ел қор болмас» немесе «Ердің ісі – елдің мойнында, елдің ісі – ердің мойнында» деп анық та ашық айтылған халық сөзі біздің Елбасымызға лайық айтылған десем артық айтқаным болмас. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітіп, қазақ елін әлемдік аренаға алып шығуы, жер жүзілік өркениетке мойындатып, олардың азат мемлекетімізге құрметпен қарап, экономикада, саясатта, халықаралық деңгейлердегі терезесі тең сенімді әріптес ретінде санасуына қол жеткізуі – тұңғыш Президентіміздің қайраткерлігінің, қай істерде болсын алдын болжай алатын көрегендігінің дәлелі. Мұндайда «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген. Тәуелсіздік алған уақытта Елбасымыздың алдында терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, экономикалық мәселелерді шешу қажеттігі ерекше өткір тұрды. Өнеркәсіп құлдырап, гиперинфляция бой көтеріп, халық тұрмысының нашарлап кеткен кезі еді. Осы кезде Елбасымыз елді тұрақтандыру моделін жасауда қателеспеу керек екендігін түсіне білді. Сондықтан да Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басты назарды экономикалық дамуға салды. Біздің мемлекетке шаруашылықты дамытуда, кеңестік жүйеден қалған және жаңа мемлекет құруға тежеу болған көптеген жайларды жою қажеттілігі туындады. Жас мемлекет алдында шешімін кешеуілдетпей табуды қажет ететін талай міндеттер тұрды.

Қазіргі жағдай мүлде басқаша деп айтуға болады: біздің Қазақстанымыз жүзден аса ұлт өкілдеріне құт мекен болған арайлы өлке ретінде төрткүл дүниеде өзінің лайықты орнын алып келе жатқанына да біраз жыл болды. Қазақстанды мекендеуші ұлт пен ұлыстардың арасында осы жердің байырғы тұрғындары қазақтардың елімізді қай жағынан болса да дамыту барысында атқарар рөлі айрықша екені күмәнсіз. Қаншалықты ащы болса да шындық:  Кеңестер Одағы деген алып империя өмір сүрген кезде жүздеген ұлттар жер бетінен жойылып та кетті. Саны аз ұлттар тілдерін жоғалту арқылы, басқа ұлттарға сіңісіп кету арқылы, жүздеген жылдар бойына ата-бабалары сөйлесіп келген, түрлі мәдени-әдеби құндылықтарын дүниеге әкелген ана тілдерінен қол үзіп, өмірде орны толмас қайғы-қасіретке ұшырады. Санымыз ондаған миллионмен саналатын қазақ сияқты ұлтымыздың тілі де аз теперіш көрген жоқ. Өз елінде, өз жерінде тұрып, өзінің ана тілін білмеуден артық қасірет сірә жоқ шығар. Осындай кінәсін түсініп, туған ұлтының жоғын жоқтау үшін, ана тілін жетік меңгеруге тырысқан жас болды ма? Елбасымыздың осыны түсіне білген және жүйелі, салиқалы ана тілді дамыту саясатының арқасында бұл бағытта республика көлемінде де, аймақ, облыстар тарапынан да ауқымды шаралар өткізіліп, жүйелі түрде жұмыс істеуге бетбұрыс нышаны барынша байқалды.                                         Қазақ тілі әдемілігі, тіл байлығы жағынан болсын беделді ағылшын тілінен артық болмаса бір мысқал да кем емес. Дәл қазір ғана ана тіліміздің мәртебесін қайтаруға қол жеткізіп, дамытып, аса көңіл бөлсек күндердің күнінде ана тіліміз әлемдік тілдер қатарынан орын алмасына кім кепіл.                                                                                                                                 Еліміздің даму барысында мынаны да айта кету керек: 1990-1993 жылдары республика мемлекеттілігі ескі Конституцияға және одақтық заңдар негізіне сүйене отырып құруға мәжбүр болды, олар бұрынғы жүйе принциптеріне арналған еді, жаңа болмысқа мүлдем ұқсамады және мемлекеттік құрылыстың негізі бола алады деп айту да қиын еді. Осынау кезеңде Қазақстанға көптеген сыннан өтуге тура келді. Үнемі туындап жатқан проблемалар қоғам мен мемлекеттегі модернизация қарқының айтарлықтай тежеді, экономиканың ескірген құрылымын консервациялауға ашық күреске түсті, прогрестік дамуға кедергі жасады. Мемлекет басшысы елдің қарқынды дамуы үшін барлық жауапкершілік жүгін өз қолына алды. Осы кезеңде Елбасы қызметі жан-жақты болуды қалады. Дамудың қазақстандық моделі құрылымында сындарлы және дәйекті сыртқы саясат елеулі рөл атқарды. Қазақстан бірден барлық елдермен бейбіт жағдайда өмір сүру жолын таңдады. Ең басты оқиға деп ядролық қарудан бас тарту және Семей полигонының жабылуын атап өтуге болады. Ал бұл ядролық державалар тарапынан қауіпсіздік кепілі еді.                                                                                                                                            Жоғарыда айтылғандарға қарап біздің мемлекетіміздің таяудағы он жыл ішінде әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі талпынысы толық негізі бар іс. Бұл талпыныс та, басқа да ауқымды істер де орындалмас қиял емес, өйткені Елбасының басшылығымен өмірге енгізіліп жатқан Қазақстанның даму стратегиясы өз тиімділігін барлық әлемге паш етуде.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ                                                                                                                          "Нұр Отан" ХДП "Бесқарағай" БПҰ төрағасының орынбасары                                                                                                                                                            Лебяжі ауданы, Павлодар облысы      

Просмотров: 1564 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: