21:45
Елбасы Жолдауына елдің қолдауы

САПАНЫ АРТТЫРУ АЙҚЫНДАМАСЫ

Ұлт көшбасшысы һәм Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жыл басынан бергі екінші рет жасаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа Жолдауында тағы да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту туралы кеңінен айтты.

Өз сөзінде Елбасы қарамағындағы шенеуніктерді сынап, елде "атқарылуы тиіс" шаруаларға қатысты тапсырмалар берді.

Сонымен, Жолдау мәтінінде "бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек", "тарифтер саласында батыл шаралар қабылдау керек", "қолма-қол ақшасыз экономикаға бет бұру керек", "экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беру қажет", "сауда саясатымызда селқостық болмауға тиіс", "кәсіпорындарымызға көмектесу қажет", "қаражаттың көзделген мақсатқа жұмсалуын қатаң бақылау керек", "шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажет", "заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет", "құнды қағаз нарығы, сақтандыру және басқа да салаларды нақты дамыту керек", "жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет", "ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет", "дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет", "еркін қолжетімді экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет", "мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған "кедергісіз орта" қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс", "Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет", "полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту керек", "қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс" деген және осы тәрізді ондаған сөз кездеседі.​

Сонымен бірге Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда келесі жылға дейін педагог мәртебесі туралы заң жобасын дайындауды тапсырды. Ол жергілікті биліктің "барлық жұмысты мұғалімдердің мойнына артып қоятынын" сынады.

- Не болса соның бәрі мұғалімдерге жүктеледі. Сайлауды да мұғалімдер өткізеді, үгіт-насихат кампаниясын да мұғалімдер жүргізеді. Бұл үшін оларға ешнәрсе төлемейді. Олар жұмысын істеп, дайындалуы тиіс. Бұл аз болғандай, оларды тексереді, - деді Елбасы.

Президент бұған қоса елде кейбір аймақтарда мектеп жетіспей, оқушылар үш ауысымда оқып жатқанын сынап, бұл мәселені шешу үшін үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды.

Елде жоғары білім гранттарының саны көбейтілгенін еске салған Президент енді жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігін айтты.

- Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен аймақтық жаңа жоғары оқу орнын құру қажет, - деді Ұлт көшбасшысы.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Просмотров: 397 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: