20:07
Дәстүрдің игі жолымен

Айлық аясында

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАМЫМЕН

Қыркүйек пен қазан айларын қамтыған қамқорлық айлығында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі жылдағы игі дәстүрден жаңылмай, қайырымдылық һәм қамқорлыққа толы шараларды жүзеге асырумен болды. Атап айтқанда, әдістемелік бірлесіктерге кіретін пән мұғалімдері өзара келісім бойынша әлеуметтік мұқтаждық сезініп отырған егде адамдарға қаржылай-тауардай қолғабыс жасаса, «Жас ұлан» балалар ұйымына кіретін орта буын оқушылары аға тәлімгер Сейітова Л.Қ. мен сынып жетекшілердің мұрындық болуымен жалғызбасты егде жандарға қолдан келер көмектерін көрсетуден аянып қалмады.

Халықаралық егде адамдар күні болып аталып өтетін 1 қазанда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында ауылдың елуге тарта егде адамына арналған дәм-тұзды дастархан жайылып, ән-сазды концерт қойылды. Осынау маңызды шараны ұйымдастыруда Қызылағаш ауылдық әкімшілігі, «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Бесқарағай ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі ұжымы, жеке кәсіпкерлер Андасов Қ., Жанпейісова А.У., Құмаров Д.Е., Ахметова Л.Қ., Әубәкіров Е. белсенділік танытты.

Концерт барысында Күнбаев Қ., Сейітова Л.Қ., Ибраһим Б.К. үлкендерге ән сыйласа, Оспанов А.Е., Жанпейісова М.Ғ. домбырамен күй ағытты. Егде жандар да ән шырқап, көтеріңкі көңілмен би билеп, өз ризашылықтарын білдірді.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

www.shakhibbeker.ucoz.kz

shakhibbeker@gmail.com

Просмотров: 1065 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: