13:35
Әдістемелік бірлестіктер онкүндігінде

ТАНЫМ мен ТАРТЫС ТҮЙІСТІ

Жалпы орта білім беретін мектепте белгілі бір пәнге деген оқушылар қызығушылығын сабақта оқытумен қатар сабақтан тыс уақытта өткізілетін танымдық-қызығушылық іс-шараларды жүзеге асырумен де арттыруға болады.

Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік бірлестіктер пәндер онкүндігін ұйымдастырды. Жоспарланған сыныптан тыс шаралар ішінде бірнешеуі сапалы деңгейде өтті. Айталық, жас мамандар Оспанов А.Е. мен Абылғазинова Г.Қ. 9-10 сыныптар оқушыларын қатыстырып математика, информатика, физика пәндерін өзара байланыстырып, «Көп біл, аз сөйле, терең ойла» атты танымдық ойынды мультимедия дәрісханасындағы интербелсенді тақтаны және ноутбуктарды пайдаланып жүргізсе, Елеусізова Н.М. және Апсаликова Ә.Т. география һәм биология пәндерін байланыстырып, «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» делінген викторинаны жүзеге асырды, ал Түсіпова С.Н. орыс тілі мен әдебиетінен «Жұздызды сәт» ойынында, Құсманова Б.М. мен Әлдекенова А.С. қазақ тілі мен әдебиетінен екеулеп ұйымдастырған «Білгірлер» ойынында да интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін мейілінше кәдеге жаратты.

Жоғарыда тізілген шараларға бір оқушы бірнеше мәрте қатысып, жүлделі орындардан өз талабы һәм ынтасы, талпыны мен жігері арқылы көріне білді. Атап айтқанда, 9 сынып оқушылары Батырханова Әнел, Садуақасова Айнұр, Жоламанова Нұргүл, 10 сынып оқушылары Белгібаева Орынгүл, Тілектесова Әйгерім және т.б.

Сұрақ-тапсырмаларды түзгенде пән мұғалімдері көбінесе оқушылардың логикасын арттыруға бағыттады. Сонымен бірге көрнекіліктер арқылы таным әлеуетін әуелетті.

Бастауыш сыныптар оқушылар үшін Узбекова С.Б., Жұмашева Д.А., Жанпейсова М.Ғ. «Таңғажайып алаң», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты қызықты сыныптан тыс шараларды жүзеге асырды.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1056 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: