13:02
Дәстүрлі дүниетаным

ҮШ ЖҰРТ

  Үш жұрт - жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың - қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең бітпес дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жаманшылығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор да жанашыр жұртың сол болады.

Үш қуат - ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.

Үш ғайып - ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.

Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Үш даусыз - мінез, кәрілік, ажал.

Үш кәдесіз - жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел).

Үш жамандық - Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Үш жақын - Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті.

Үш көз - Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ . Сөз анасы - құлақ.

Үш тоқтам - ақыл - арқан , ой - өріс, адам - қазық.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 247 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: