23:20
Дәстүрлі дүниетаным

«ӘУЛИЕ» ДЕП КІМДЕРДІ АЙТАМЫЗ?

  Біздің ата-бабаларымызға осы сұрақты қойса, мынау жынданған ба дер еді. Әулие - біздің ата-бабаларымыз үшін Алланың досы, ерекше қасиет иесі. Шындығында, «әулие» сөзі араб тіліндегі «уали» сөзінің көпше түрі. Мағынасы дос дегенге тура келеді. Әулиелік дәрежеге жету екінің бірінің қолынан келмейді. Алла жолына бар ғұмырын сарып етіп, халықты тура жолға, Алла жолына салған жандар ғана ондай дәрежеге жете алады және әулие – кереметке ие болуы тиіс. Кереметке ие болған кісілерді біз қазақ тарихынан көптеп кездестіре аламыз. Мысалы, болашақты болжаған Мөңке жырау, Тайжан би сияқты кісілердің әулиелігіне кім күмән келтіре алады? Осыдан 300-350 жыл бұрын өткен кісілердің қазіргі күнгі қазақ халқының болмысын айту жай кісінің қолынан келмейтін шаруа. Мысалы, Тайжан биден ақырзаман туралы айтып беріңіз деп сұрағанда берген жауабы қазіргі күні 100 пайыз келіп отырғанына мына заман куә. Ол кісі былай дейді:
Ақырдың уақтында адам азады,
Жер жыртудан тозады,
Сөзде байлау болмайды,
Көпке созады.
Көлдің суы кетіп, табаны қалады.
Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалады
, - деп басталатын болжауы біздің замандастарымыздың не ішіп, не киетініне дейін тәптіштеп айтып береді. Сөзінің соңында «Бұдан арғысын көре алмадым, ол жағын Тәңрім өзі білер, - деп түйіндейді. Сонда, олар қайдан көрді деген заңды сұрақ туады. Ол қазақтың қария сөзінде «Сана» деп берілген. Басқаша айтқанда, «Лаух ал-Махфуз» немесе тағдыр тақтасы. Сол санадағы жазуды оқи білген, көре білген тұлғаларды ғана қазақ әулие деп таныған. Қазақ әулие – деп сондай кісілерді ғана атайды. Бүкіл қазақ даласын алып жатқан әулиелер, қазақ халқының халық болып қалыптасуы жолында бар өмірін сарып еткен тұлғалар және олардың барлығы дерлік Йасауи жолының өкілдері. Солардың ерен еңбегінің арқасында ғана осындай ұлан-ғайыр жерді алып жатқан қазақ халқының діні мен тілінің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, жалпы мәдениетінің бір болуы мүмкін болды. Қазақ халқы әулие – деп тек соларды таныды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 244 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: