12:06
ҰБТ-2012: білгенге - маржан
ҰБТ-ға дайындық үшін жасалатын ароматерапия.

18-19 ғасырларда Еуропаның студенттері үнемі розмарин бұтағын ілгекпен тағып алып жүрді, оның иісі емтихан алдындағы стрессті басып, жұмысқа қабілетті және есте сақтауды жақсартты, сондықтан да оқып жүрген жастардың бойтұмары саналды. Жұмысқа қабілеттілік пен көңіл-күйді басқаратын иісі бар 300-дей эфир майы белгілі.
ҰБТ емтихандарына дайындық кезінде райхан, лавр, розмаринді иіскеуге болады. Бұл жұпар иісті майлар мидың жұмысын жақсартып, ынталандыру үшін қолданады. Кез келген майдың бірнеше тамшысын (өзіңіздің қалауыңыз бойынша бірнеше жұпариісті майларды қосып қоспа істеуіңізге болады) ыстық су құйылған тарелкеге тамызыңыз, осыдан кейін әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтарды шешу үшін сізде мидың белсенді қызметі басталғандай болады.
Осы өсімдіктердің құрамына кіретін эфир майы қабылдауды, ойлау концентрациясы мен айқындығын қалыпқа келтіруге қабілетті.

Ой өнімділігін күшейту, ұзақ шаршағандықты жоюда нарқайсар, қалампыр, зімбір және кориандр тиімді.

Сіз өзіңізді үнемі әлсіз сезініп, бірнәрсе істеуге ынтаңыз болмай, қандай да бір іс істеуге жалқауланып тұрсыз ба? Онда, цитрус ароматтарының көмегімен белсенділікті көтеруге болады: мандарин, апельсин, грейфрут, лимон.
Просмотров: 889 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: