11:58
ҰБТ-2012: білгенге - маржан
Ми жарты шарын дамыту емтиханның нәтижелеріне ықпал етеді

Адам миы оң және сол екі жартышардан тұрады. Екі жартышары да ойлау қызметінде маңызды, әрқайсысы өз функцияларын атқарады. Бірақ та көп адамдарда белгілі бір жартышары ғана басымдық көрсетеді
Бұл ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерімен байланысты; кең көлемде жартышардың бөлігін жаттықтыру. Бала дүниеге келісімен тең дәрежеде (үйлесімді) мидың әр түрлі бөлшегінде салынған мүмкіндіктерді пайдаланады. Артынша, қазіргі оқу орындарының бір бағыттылығының арқасында, бір жартышары жоғары шығады. Мысалы, математикалық мектептерде шығармашылық ойлауды аз дамытады, десек те математика – ең творчестволық ғылым. Ал музыка мектептерінде немесе консерваторияларда логикалық ойлауды сирек жаттықтырады. Нәтижесінде көп адамдардың тек бір жартышары ғана дамыған.

Төменде келтірілген жаттығуларды қолдана отырып, ойлау сапасына сөзсіз әсері бар, үйлесіммен оң және сол жақ жартышарын да қатыстыра отырып ойлау, неғұрлым анық әрі тез бола түседі. Белгілі деректерге сүйенсек, ақылды және табысты адамдар көбінесе жақсы дамыған екі жартышарға ие. Мұндай адамдар жекеменшік компанияларының жұмысын жүргізуге де, қолы бос кезінде өлең жазуға да ойдағыдай қол жеткізеді.

Ми жартышарын үйлесіммен дамыту үшін жаттығулар
1. Тізені көтереміз
Төменде айтылатын жаттығуды кез келген уақытта орындауға болады: тұр, арқаңды түзуле, сол тізеңді көтер және оған оң қолыңды тигіз. Сол аяғыңды түсір, оң тізеңді көтер және оған сол қолыңды тигіз. Осылай өзіңе лайықты ырғақпен бірнеше рет жаса. Бастапқыда адамдарда,бір жартышары ғана дамығандарда, бұл жаттығу жылдам жасалынбайды. Сондықтан оны асықпай бастап, бірте-бірте жеделдете бер.

2. Телефонмен сөйлесеміз
Телефонмен сөйлесіп тұрған кезіңде, әңгімені біресе оң жақ, біресе сол жақ құлағыңмен тыңдауға әрекеттен. Адамдарда, кімнің сол жақ жартышары көбірек дамыған болса, сол құлағымен ақпаратты нашар қабылдайды және керісінше. Әңгімені біресе оң жақ, біресе сол жақпен сөйлесіп жаттығу екі жартышарының үйлесімді қызметін жаттықтырады.

3. Тісті "басқа" қолмен тазалаймыз
Егер сенің қай жартышарың басқаратынын анықтасаң, онда қарсы жартышардың жаттығуы мен ынталандыруын қарапайым айналысатын тіс тазалауға қолдансаң болады. Мұндай жағдайда, кез келген басқа істермен айналысуға болады: "басқа қолмен" жазу, тамақ ішу.
Екі жартышардың үйлесімді дамуы үшін бұл іс-әрекетті алмастыра отырып, біресе оң, біресе сол қолмен жасауға болады.

Емтиханды жақсы тапсыру үшін қандай тамақ ішеміз?
Сен тамаққа тұтынып жүрген азық-түліктер- барлығы тікелей ағзамыздың биохимиялық процесіне, сонымен қатар миға қызмет етеді. Басқа мүшелерге қарағанда адам миы энергияны көп қажет етеді, сондықтан да тамақтану тәртібі бұзылса ол біздің ойлау қабілетімізге және есте сақтау қызметіне әсер етеді.

Просмотров: 923 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: