11:52
ҰБТ-2012: білгенге - маржан
Емтиханды жақсы тапсыру үшін қандай тамақ ішеміз?

Сен тамаққа тұтынып жүрген азық-түліктер- барлығы тікелей ағзамыздың биохимиялық процесіне, сонымен қатар миға қызмет етеді. Басқа мүшелерге қарағанда адам миы энергияны көп қажет етеді, сондықтан да тамақтану тәртібі бұзылса ол біздің ойлау қабілетімізге және есте сақтау қызметіне әсер етеді.

Ми жақсы жұмыс істеу үшін, келесі ережеге сүйен:
1. Күнделікті ертеңгі тамақты ішіп жүр. Ғалымдар мынаны анықтаған: тез шаршап, мазасызданатын, есте сақтау мен ойлау қабілетінің нашарлығына шағымданатын адамдар ешқашан таңертеңгі асты ішпеген екен.
2. Сапасы мен құнарлылығына әр түрлісін қос: тамақта майлар,белоктар, углеводтар үйлесімі болуы керек.
3. Суды көп іш.
4. Тұзды тұтынуды азайт.
5. Кофені пайдалануды азайт.

Есте сақтау мен ойлауды жақсарту үшін таңғы астың үлгілері:
Дүйсенбі: Сүт қосылған бір тәрелке ботқа, апельсин немесе бір стакан апельсин шырыны.
Сейсенбі: Сүт қосылған бір тәрелке қауыз, алма немесе бір стакан алма шырыны.
Сәрсенбі: 2 жұмыртқа, бір тілім нан, қандай болса да көкөніс салаты,өсімдік майы құйылған.
Бейсенбі: Құймақ, көкөніс салаты, өсімдік майы құйылған.
Жұма: Ірімшікпен бутерброд, стакан жеміс шырыны.
Сенбі: Сары маймен бутерброд, ірімшік немесе йогурт, стакан жеміс шырыны.
Жексенбі: Ақ тауық етімен бутерброд, стакан жеміс шырыны.
Просмотров: 811 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: