14:01
ҰБТ-2012: білгенге - маржан
Миға арналған жаттығулар
Нейробика ағзаның бес сезім талшығына әрекет етеді. Олардың жұмысы әдеттегідей емес, жаңа деңгейде болады, ассоциация мен образдарға түскен түрлі ақпаратты байланыстырады. Тұрақтылық миды селқос және әлсіреген жағдайға жеткізеді. Сондықтан оған сілкініс және жаңа эмоция қажет. Нейробика миды белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлей отырып, қалыптағыдай емес әсермен байытады.
Нейробиканың негізін салушылар америкалық ғалымдар Лоуренс Катц және Маннинг Рубин. Олар "Сохрани свой мозг живым(Миыңды тірідей сақта)" кітабының авторлары. Ол кітапта ми жаттығуларының тәсілдері берілген. "Ақыл-ой жаттығуы" америка зерттеушілерін ынталандырады: ми клеткаларының жұмысын, есте сақтау қабілетін жақсартады, логикалық ойлауды дамытады.

Нейробиканың негізінде қарапайым мақұлдама жатыр: күн сайын жаңа эмоция мен әсер алу керек. Бұл үшін күн сайынғы істерді жаңа, ертеректе қолданбаған тәсілдермен атқару дұрыс келеді.

Нейробика жаттығуы.

Көзіңізді жұмып тұрып қарапайым қимыл жасаңыз. Дүкеннен жаңа зат сатып алыңыз немесе жаңа танысқан адамдармен араласыңыз. Егер сіз саяхаттап жүрген болсаңыз, онда естіген, көрген барлық мәліметті жинай беріңіз. Мүмкіндігінше, көбірек қонақжайлылығына мән беріңіз. Жергілікті тілдің бірнеше сөздерін жаттап алыңыз.

Жаңа бағдар іздеңіз. Егер сіз жұмысқа жаяу барып жүрсеңіз, онда жаңа өтпелі жолдарды қарастырыңыз.

Бұрын қызықпаған нәрсеге қызығушылық танытыңыз. Санаулы бағытта жазылған спецификалық журналдарды оқып шығыңыз. Мысалы, ит пен мысыққа арналған.

Теледидарды дыбысын шығармай көріңіз және не көріп тұрғаныңызды диалог ретінде дауыстап айтыңыз.

Жаңа жұпар иісті иіскеңіз. Ыңғайлы орын болмаса да, мұрынмен терең дем алыңыз, ішіңізге жаңа иісті тарта тұрып.

Егер сіз оңқай болсаңыз, сол қолыңызбен бірдеңе істеңіз (солақай үшін де – солай).

Ең қарапайым сұрақтарға қалыптағыдай емес жауап беріңіз. Сіздің көршіңіз таңқалады, бірақ ыңғайсыздықты күлкіңізбен жойып жіберіңіз.

Гардеробыңызды өзгертіңіз. Қара және сұр түс көбірек пе? Ерекше стильмен тігілген әрі ашық түсті киімдер алыңыз, олар сіздің ойлау қабілетіңізге ойдағыдай әсер етеді.

Саусақтарыңыздың көмегімен ақшаны ажырата біліңіз. Ымдап сөйлесуді үйреніңіз. Бұл сана- сезімнің өсуіне көмектеседі.

Әзілдер мен анекдоттар ойластырыңыз. Бұл миыңызды жұмыс істетеді. Өзіңіздің демалысыңызды әртүрлі жасаңыз. Бүкіл демалыс күндері диванда жата берме! Еденде отырыңыз!
Көріп тұрғаныңыздай, миға арналған сиқырлы жаттығу тіпті де қиын емес. Оны қай жерде орындағың келсе, сол жерде орында. Аздан бастасаңыз да, миыңыз сізге рақметін айтады. Мүмкін, сізде өзіңіз білмейтін дарыныңыз бар шығар?..


Просмотров: 1067 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: