11:53
ҰБТ-2011 өткізу туралы
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім беру ұйымдарына оқуға түсу емтихандарымен біріктірілген, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін қорытынды аттестаттау нысанының бірі. ҰБТ жоғары білім сапасын және жоғары білімге қол жеткізудің әлеуметтік әділдігін қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесін құру мақсатында өткізіледі. ҰБТ-ны міндетті түрде: - жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер; - жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер; - ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми сайыстары мен республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері; - ағымдағы жылы жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген түлектер тапсырады. ҰБТ-ға қатысуға арналған өтініш наурыздың 10-нан сәуірдің 25-не дейін қабылданады, өтініш бланктерін бітірушілер мектепте толтырады. ҰБТ Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген тест тапсырмалары арқылы өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламалардың шеңберінен шықпауы қажет. Өткен жылғыдай тестілеу үшін келесі пәндер анықталды: қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде білім беретін мектепте қазақ тілі және қазақ тілінде білім беретін мектепте орыс тілі және қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес таңдаған мамандығына байланысты таңдау пәні. Әрбір пән бойынша сұрақтардың саны – 25. ҰБТ-ны өткізуге астрономиялық үш жарым сағат беріледі (210 минут). Тестілеу кезінде бітірушілер отырған орнынан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге, шпаргалка, оқулық және басқа да әдістемелік әдебиеттерді пайдалануға, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) пайдалануға болмайды. Аталған ережелерді бұзған жағдайда Министрлік өкілі мемлекеттік акт жасайды, бітіруші аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижесі жойылады. Бірыңғай талаптарды сақтау және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы сұрақтарды шешу, ҰБТ қатысушысының құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезінде – республикалық және әрбір ҰБТ өткізу пункті жанында апелляциялық комиссия құрылады. ҰБТ өткізу пункт жанындағы апелляциялық комиссия тестілеу қатысушыларынан түскен өтініштерді қабылдайды және қарастырады, республикалық апелляция комиссиясына бітірушіге балл қосу туралы ұсыныс енгізеді және апелляция қорытындылары туралы ақпарат береді. Бітіруші өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін береді және өтініш бір күнтізбелік күнде апелляциялық комиссиямен қарастырылады. Өтініш берушінің жеке куәлігі және ҰБТ-ға рұқсат қағазы болуы керек. ҰБТ тапсырған бітірушілерге ҰБТ нәтижелері туралы сертификат және жалпы орта білім туралы аттестат беріледі. ҰБТ нәтижелері бес балл жүйесі бойынша бағаға ауыстырылып 125 балл жүйесі бойынша бағаланады, қорытынды және аттестат ретінде қойылады. Баллдарды бағаға ауыстыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен шкалаға сәйкес мемлекеттік комиссиямен жүргізіледі. Сертификаттың күші – ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін. Білім беру грантын алу конкурсына ҰБТ қорытындысы бойынша («Жалпы медицина» мамандығы үшін – 55 балл), бағдарлы пән бойынша – 7 балл, қалған пәндер бойынша – 4 баллдан төмен емес 50 және одан жоғары балл алған талапкерлер қатысады. Бір пәннен 4 баллдан төмен алған талапкерлер білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсқа жіберілмейді
Просмотров: 980 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: