18:22
Бірлік.Ынтымақ.Береке.

Құрметті сайтқараушы қауым!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан республикасы халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақ еліне тарихтың тәлкегімен келіп қоныстанған көптеген ұлттар мен ұлыстар бүгінгі күні айрандай ұйып, бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп отыр. Олар Қазақстанды өз Отаным деп біледі әрі еліміздің дамуы, көркеюі үшін еңбек етіп, жиырмаға толғалы отырған жас мемлекетіміздің тұғыртасын қалауға белсенді ат салысып келеді. Осылардың басында сан қырлы ұлттардың бейбіт және тыныш өмір сүрулеріне қазақтың кең дархан пейілі мен қонақжайлығы зор мүмкіндік туғызып, болашаққа бірге қадам бастап келеді. Сонымен бірге елімізде тұрып жатқан халықтардың бірлігін нығайту, бір идеяның төңірегіне топтастыру мемлекет басшысының ішкі саясаттағы негізгі басымды бағыттарының бірі болып отыр. Елімізде әр ұлттың өкілінің өзінің туған тілін, мәдениетін ұмытпауға толық жағдай жасалған.
Осы мереке күні Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға молшылық, бақыт, татулық және елімізді дамыту жолында жасап жатқан істеріңізге игілік тілеймін.

Просмотров: 947 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: