08:42
Бірінші айналым мәресінде

«Келісілген»

Мектеп директоры

____________Шәкіров Е.А.

«____»____________2009 ж.

 

2009/2010 оқу жылының І тоқсанын аяқтау хақында

ӨКІМ

І тоқсанның аяқталуына байланысты (демалыс 5 қарашадан 12 қарашаға дейін,                сабақтардың басталуы 13 қараша 2009ж.) мыналарды орындау қажет:

1.      Пән мұғалімдері І тоқсандық бақылау жұмыстарын өткізуді 26 қазан һәм 31 қазан 2009ж. аралығында жүргізсін. 2 қараша 2009ж. ӘБ жетекшілеріне бақылау жұмыстарының сандық қорытындыларын тапсырсын. 2 қараша 2009ж. (17.00-ге дейін) ӘБ жетекшілері бақылау жұмыстарының қорытындыларын тапсырсын. Бақылау жұмыстарының қорытындыларында жұмыстардың сапалық сараптамасы айқын мазмұндалуы тиіс (төмен/жоғары көрсеткіштердің себептері, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстың жоспары, түзету диагностикасы, салыстырмалы мониторинг).

2.      Барлық пән мұғалімдері 3 қараша 2009ж. дейін І тоқсандық бағаларды қойсын.

3.      Сынып жетекшілері 3 қараша 2009ж. (17.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.

4.      Пән мұғалімдері 4 қараша 2009ж. (14.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.

5.      ӘБ жетекшілері 3 қараша (17.00-ге дейін) «І тоқсанда орындалған жұмыс туралы» мәтіндік есептерін тапсырсын.

6.      Пән мұғалімдері ҰБТ-ге әзірлік бойынша (11 сыныптар), МАБ-ға әзірлік бойынша (4,9 сыныптар) мониторингтік-сараптамалық анықтамасы көрсетілген папкаларын тапсырсын (4 қараша 2009ж. 14.00-ге дейін).

7.      Сынып жетекшілері демалыс кезінде сыныппен өткізетін шараны жоспарласын һәм          3 қараша 2009ж. (17.00-ге дейін) жоспарларын мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын.

8.      Бастауыш сыныптар мұғалімдері филология ӘБ мұғалімдерін шақырып, оқушылардың мәнерлеп оқу машығын тексеруді өткізсін. Оқу техникасын тексеру қорытындыларын          3 қараша (17.00-ге дейін) тапсырсын. 

9.      Медбике (тубвираждылар саны, тамақтандыру, оқушылардың медициналық хал-ахуалы көрсетілген, соматикалық мониторинг), кітапхана меңгерушісі, психолог орындалған жұмыс жөнінде мәтіндік есеп тапсырсын. Дене шынықтыру мұғалімдері, инструктор        3 қараша 2009ж. (17.00-ге дейін) мектеп оқушыларының жарыстарға қатысқаны һәм иеленген орындары хақында есептерін тапсырсын.

10. Аға тәрбиеші І тоқсан бойынша орындаған жұмыс жайлы есепті 3 қараша 2009ж.            мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын.

11. Барлық пән мұғалімдері құжаттама номенклатурасын тексеруге дайындалсын,               сынып журналдарын ретке келтірсін.

12. Пән мұғалімінің құжаттама номенклатурасы жағдайын тексеру                                                 9 һәм 10 қараша 2009ж. 9.30-дан өткізіледі.

Тексеру тәртібі:            9 қараша

           бастауыш сыныптардың ӘБ                                                                                        9.30-10.30

      математика, информатика, физика, сызу ӘБ                                                    10.30-11.30

           филология, ағылшын тілі ӘБ                                                                                         11.30-12.30   

                                                     10 қараша

      музыка, технология, дене шынықтыру, бейнелеу өнері ӘБ                                 9.30-10.30

      тарих, биология, химия, география ӘБ                                                                 10.30-11.30

      сынып жетекшілердің ӘБ                                                                                        11.30-12.30

 

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары:                            Ибраһим Б.К.

                                                                                                                           «____»___________200.

Просмотров: 1084 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: