11:46
Білімдену белестері

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР КӨКЖИЕГІ

Жалпы орта білім беру кеңістігінде дағдыға әлдеқашан айналған Ұлттық бірыңғай тестілеу һәм оқу жетістіктерін сырттай бағалау атты сыртқы бақылаудан басқа халықаралық деңгейде жүргізілетін сараптамалық зерттеулер тағы бар. Осынау сындардың пәрменін мүйізі қарағайдай Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігіне тікелей бағынатын Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы жыл он екі ай жүргізеді. Ал олардың қатарына ағылшын тіліндегі атаулардың бастапқы әріптерінен қысқартылған PIRLS, TIMSS, PISA, ICILS, TALIS деп тізбектелетін оқу жетістіктерін халықаралық деңгейде зерттеулер жатады.  

Жуырда «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Павлодар облыстық филиалы саналатын педагог мамандардың біліктілігін арттыру институтында сонау Астанадағы Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығындағы халықаралық зерттеулер зертханасының сарапшысы И.Ж.Иманбек аймақтың жан-жағынан жиналған мектептердің оқу істері меңгерушілеріне, білім бөлімдерінің жетекші мамандарына осы бағытта түсіндірмелі семинар-практикумын өткізді.

Білікті сарапшы Ирина Жексенбайқызы тыңдаушыларға жалпы білім сапасының халықаралық салыстырмалы зерттеулердің аясын кеңінен баяндады. Бұл зерттеулердің тиімділігін жаңашыл формаларды дамыту құрайды екен. Жаһандық деңгейде жүргізілетін сын-зерттеу бастапқы беттен-ақ Қазақстан Республикасы 2011-2020 ж.ж. арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасына сүйенеді. Өткізу кезеңдерінде жобаның басталуы, оған қажетті құралдарды дайындау һәм өңдеу, паробациялық зерттеу өткізу, халықаралық шкала бойынша бағалау-сараптау және тағы басқалары жатады.

Семинар үдерісінде И.Ж.Иманбек ханым халықаралық зерттеулердің түрлерін егжей-тегжейлі жіліктеді. Айталық, ICILS атты зерттеу әрбір бес жылда бір рет өткізіледі де, 8 сынып оқушыларының компьютерлік-ақпараттық сауаттылығының сапасы тестілеу һәм сауалнама түрінде бағаланса, TALIS делінетін зерттеу әрбір бес жылда бір рет өткізіледі де, мектеп директоры және орта буын мұғалімдерінің мектептегі оқу үрдісі және оқытуды бағалауды сауалнама түрінде бағаласа, TIMSS зерттеуі 4 және 8 сыныптар оқушыларының математика және жаратылыстанудан білім сапасы терминдерді білу, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы суреттеу, график пен кестедегі мәліметті табу болып табылатын оқу-танымдық салаларды әр түрлі елдердегі білім беру жүйесі контекстінде қамтыса, PISA технологиясында он бес жастағы оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауы, өздігінен логикалық ойлауы түрліше түзілген тапсырмалар аясында бағалана зерттелсе, PIRLS зерттеуіне тек 4 сынып оқушылары қатыстырылып, ана тілден оқуы тексеріледі.

Ирина Жексенбайқызы бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізген семинар-практикум барысында тыңдаушыларға жоғарыда сөз болған халықаралық зерттеулердің кейбірінен үлгі ретінде жұмыс дәптерлерін танысу түрінде таратып, өзара іскерлік байланысты шебер жүргізді. Сонымен қатар еліміздің осынау зерттеулерге қатысып, ел-елдер арасында қандай орындарды қанағат тұтқанын, жақын болашақта қандай зерттеулерге қатысатынын, өткізілген я өткізілетін зерттеулер нәтижелерін қандай халықаралық білім-тестілеу орталықтары сараптай бағалайтынын тәптіштеп айқындады. Іске сәт демекпіз!

семинарға қатысушы

ИБРАҺИМ  Бегімхан

Бесқарағай ЖОББ мектебінің оқу істері меңгерушісі,  Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 2293 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: