19:43
Білгенге - маржан

МИ ЖАЙЛЫ ОН ДЕРЕК

  Адамзаттың ойлау қабілеті, саналы іс-әрекеті тікелей миға байланысты. Сан мың жұлдызы сәуле шашқан ғарыш пен ми өздерінің күрделілігі жағынан бір-бірінен кем түспейді. Қабілет-қарымы, мүмкіндігінің шексіздігіне байланысты ми ғалымдардың өздерін де әлі күнге таңғалдырып келеді

1. Ми біздің жалпы салмағымыздың бар-жоғы екі-ақ пайызын құрайды. Бірақ оның қан тарататын мыңдаған талшықтары ағзамыздағы оттегінің жиырма  пайызын пайдаланады. Тіпті аш болған сәтіміздің өзінде де, ми ағзамыздағы қоректік заттардың көптеген мөлшерін тұтынады екен. Қажетті мөлшерде тамақтанбаған бала салмағының 50 пайызын жоғалтса, ал ми өз салмағының тек 15 пайызын ғана  жоғалтады екен.

2. Ми ешқашанда ұйықтамайды. Біз қалың ұйқыға батқанда миымыз тыным табады деген қате пікір екен. Ғалымдардың айтуы бойынша, күндізгі уақыттан гөрі түн кезінде мидың жұмыс істеу жиілігі артады.

3. Адам білімпаз болған сайын оның ауруға шалдығу мүмкіндігі азая түседі. Интеллектуалды белсенділік, ауру тіндерінің орнын басатын, қосымша тіндердің бөлінуіне ат салысады.

4. Осы күнге дейін істеп көрмеген жұмыстармен шұғылдану – мидың дамуына әсер ететін ең жақсы тәсіл. Өзіңізден интеллект бойынша асып түсетін адаммен әңгімелесу де мидың өсуіне көп ықпалын тигізеді.

5. Үнемі Құдайға сыйыну – дем алу жиілігін кемітіп, ағзаның өз-өзін емдеуге көмектесетін мидың толқуын бәсеңдетеді. Дәрігерге діндар адамдар басқаларға қарағанда 36%-ға сирек барады екен.

6.  Миға әйелдердің әңгімесінен гөрі еркектердің әңгімесін  қабылдау жеңілірек келеді екен. Себебі адам дауысы мидың  әр бөлігіне әр түрлі әсер етеді. Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу әрі әуезді түрде шыққандықтан,  оны түсіну үшін ми өзінің қосымша ресурстарын пайдаланады .

7. Ми денеден  кеш оянады. Адам ерте ояна салып жұмыс істегенмен миының жұмыс істеу көрсеткіші төмен болады. Сондықтан да дене бұлшық еттеріне пайдалы таңғы жаттығулардан бөлек миды да жаттықтыру қажет. Мысалға, ояна салып теледидар көргеннен газет-журнал оқып, сөзжұмбақ шешкен ми үшін  пайдалы екен.

8. Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай-ақ ғалымдардың анықтауынша, ауыру сезімдерін еркектер мен әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен.

9. Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қарағанда 3 есе көп. Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса, жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі. Сондықтан ерте кезден бастап балаларды белсенді түрде оқуға үйрету керек.

10. Адам миы 75% судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек. Алькогольді ішімдіктерді ішкен кезде нейрондар арасында байланыс әлсірейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 257 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: