11:58
Бата. Тілек. Өсиет.

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Халық бата-тілегі

Өмір берсең, бақытты қып бер,

Дәулет берсең, қайырлы қып бер.

Ұл берсең, ұнамды қып бер,

Қыз берсең, қылықты қып бер,

Ат берсең, жүрісті қып бер,

Бала берсең, ырысты қып бер.

 

Жас балаға бата

Асан қайғы бабадай саналы бол,

Ғаріпте әз Жәнібектей паналы бол.

Керейде Дәстем салдай бағалы бол,

Атақты Келден бидей саналы бол.

Ер Дәулендей халқыңның батыры бол,

Махамбеттей жұртыңның ақыны бол,

Дау-жанжал бодырмасқа ат салысқан

Қараменде шешендей мақұлды бол.

Маралдай көпке тисін шарапатың,

Шөңкедей арта берсін салтанатың.

Жетім-жесір жарлыға пана болған,

Жоландай елге тисін шапағатың.

Тобықты Әнет бидей баталы бол,

Кіші жүз Әйтекедей аталы бол.

Бекердей қамқа киген оқалатып,

Еменәлі Жабадай опалы бол.

Балтада итікедей қарулы бол,

Қанжығалы Жантайдай азулы бол,

Кіші арғын Жәнібектей ер атанып,

Өлеңде, дастанда да жазулы бол.

Қазыбектей халқыңның данасы бол,

Қарабастай жұртыңның баласы бол.

Елін қорғап, дұшпанға соққы берген,

Үш жүздің бөгенбайдай панасы бол.

Қазақта әз Тәукедей тақты бол,

Керейде Есенейдей бақытты бол.

Топ болсақ қобыз тартып, өлең айтып,

Ән шырқап Салқарадай шабытты бол.

Үш жүздің Абылайдай тілегі бол,

Марабайдай ақыны – жүрегі бол,

Төре, биге тізгінін бермей өткен,

Найманда Барлыбайдай салмақты бол.

Сүйіндік олжабайдай келбетті бол,

Тәттіқара жыраудай зейнетті бол,

Сыбан Шоңдай елінің сен ұйшысы,

Тәттімбеттей халқыңның күйшісі бол.

Белгібай, Күлекейдей білекті бол,

Беріште Исатайдай жүректі бол.

Халқының қамын жеген ертелі-кеш,

Қарауыл Қанай бидей тілекті бол.

Тоқсан бидей көп жаса, жүзге келші,

Зілқарадай мал-басың өсіп-өніп,

Кетпес байлық, таусылмас қаржылы етер,

Түсіңде көнек берсін Қыдыр келіп,

Жыраудың Бұқар сынды өрені бол.

Алды-артын ойлап келіп, пішетұғын

Адамның Қарабидей зерегі бол.

Көшебеде Төбейдей беделді бол,

Сүйіндікте Көшетай өнерлі бол.

Кіші Арғында Жанақтай жауырынды,

Үмбетейдей жырға бай, кемелді бол.

Нашандай қан-майданда айбатты бол,

Ер Асхаттай жшайқаста қайратты бол.

Қабанбайдай жігіттің берені бол,

Сардардың Ер Тарғындай ерені бол.

Ер Сары мен Баяндай әулетті бол,

Едіге би бабаңдай сәулеті бол.

Ғаскері ат, түйемен жабдықталған,

Керейде Тұрыпбердідей дәулетті бол.

Орынбайдай еліңнің шешені бол,

Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол.

Көшебе Майлы бидей тым көреген,

Даулы істе сөзге ұста, көшелі бол.

Кіші Арғын Шоқай бидей алымды бол,

Атығай Шал ақындай шалымды бол.

Шектіде арыстандай биязы бол,

Таузарда Жанкісідей дарынды бол,

Құрсары Әлдибектей шешімді бол,

Ашамайлы Тілешідей кесімді бол.

Құйса толмай, толғанда аспайтұғын,

Жаңбыршы Малдыбайдай есімді бол.

Көрсеткен бұқараға үлгілі жол,

Толыбай сыншыдайын жолбасшы бол.

Жауларға қарсы шығып, бастайтын қол,

Керейде Ақпанбеттей қолбасшы бол.

Ұлы жүз Төле бидей айлалы бол,

Кіші Арғын Бөгенбайдай пайдалы бол.

Қиын-қыстау кезеңде қоршау бұзған,

Тарақты Байқозыдай айбарлы бол.

Керейде Тұрлыбектей табанды бол,

Шәукерде Байдалыдай амалды бол.

Қиналғанда ерлерге қайрат берген,

Малайсары батырдай жайдарлы бол.

Төле би бабаңдай зейнетті бол,

Тамада ер Есеттей келбетті бол.

Бикеде Манақадай аяулы бол,

Мәуелі бәйтеректей саялы бол.

Тілне ғазәзілдің ермейтін бол,

Дұшпанға тізгініңді бермейтін бол.

Өнерге өсе келе құштарланып,

Қияға құлашыңды сермейтін бол!

Әумин! 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 30 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 FrankHix  
0
Boosting highland deck spaces with the incorporation of greenery through containers introduces a harmonious touch of nature to mountain living. Engaging in talks that delve into the varied types of plants thriving in highland environments, exploring suitable container options, and considering design considerations serves as an motivating guide for discussion board users looking to enrich their outdoor spaces with lively greenery. By sharing personal experiences with containers for decks and offering care suggestions, the group fosters a lively dialogue centered around creating inviting and lush alpine deck sceneries.

Delving into the specifics of plant varieties that flourish in highland conditions becomes a crucial aspect of this dialogue, shedding brightness on the distinctive characteristics that make them well-suited to alpine environments. Exploring different container options opens routes for creativity, allowing individual persons to align their choices with the overall design aesthetics of their highland decks. Discussions on design aspects, encompassing factors such as arrangement and location, provide useful insights for making visually enticing and natural deck areas.

The joint exchange of personal stories with containers for decks becomes a source of motivation, offering functional insights into the challenges and triumphs of nurturing greenery in mountainous settings. Maintenance tips shared within the society contribute to a joint understanding of how to ensure the longevity and health of alpine deck landscapes. Through this conversation, community participants embark on a journey of transforming their outdoor spaces into enticing vacations that effortlessly merge the appeal of nature with the exclusive attraction of mountain living.


[URL=https://fortcollinsdecks.com/our-process/ - Elevated deck addition

Имя *:
Email *:
Код *: