09:21
Балалардан базарлық
Алау ұшқыны \ БАЙДЫҢ ҮШ БАЛАСЫ \ Ертеде Алдияр деген бай болыпты. Оның Қасым, Алмас, Мығым есімді үш ұлы ер жетіпті. Үшеуі де біренен бірі асқан өнерпаз екен. Қасым садақ тарту жағынан мықты болса, Алмас қылыштасу жағынан шебер болыпты, ал Мығым күрестесуден күшті танылыпты. Олар айдай сұлу Айсұлу атты қызға ғашық болып жүріпті. Бір күні Алдияр қатты ауырып, ұлдарын жинап алып, барлығына жинаған мүлігін бөліп беретінін айтады. Сонымен бірге ұлдарына дүниедегі ең әдемі затты алып келуді бұйырады да, соған Айсұлуды тұрмысқа беретінін хабарлайды. Балалары үш жаққа бөлініп, дүниедегі ең әдемі затты үздеуге аттанады. Мығым шығыстағы патшаның патшалығына барады. Сол жерде ол сиқырлы дүрбіге көзі түседі. Әлгі дүрбінің сиқырлығы мынада: жердің қиыр шетіндегі затты немесе адамды көрсете алады. Патша сол дүрбіні сатуын сұрайды. Патша оған бір шарт қояды. «Шартымды орындасаң, дүрбі сенікі, ал орындай алмасаң, басың кетеді», - дейді. Мығым келіседі. Шарты мынадай екен: патшаның алпыс сарбазын жеңу. Күрес шебері сарбаздың бір де біреуін қалдырмай, шашып тастайды. Дүрбіні алып, үйіне қайтады. Ал Қасым батыстағы ханның хандығына барады. Сол жақта жас мергеннің көзіне бір қасиетті қой түседі. Сол қойдың етін жеген адам мәңгі жасайтын көрінеді. Ол ханнан қасиетті қойды сатуын сұрайды. Хан оған да өз шартын қояды: «Көзіңді байлап қойып, бір баланың басына алма қойып, дәл көздеп ат. Егер атпасаң, қойды алмайсың». Қасым біресе атқысы да келді, біресе атқысы да келмеді. Ақырында атпауға шешім қабылдады. Бұл шешімін құп көрген хан қуанып, қасиетті қойды Қасымға сыйлыққа береді. Садақ тарту мықтысы Қасым қойды алып, үйіне қайтады. Ал солтүстікке аттанып кеткен Алмас сол жақтағы қалың базарды аралап жүрсе, бір шапқанда мың шақырым шабатын керемет тұлпарды байқап қалады. Қылыштасу шебері сондағы адамдардан тұлпарды сатуды өтінеді. Бірақ әлгілер жүйрікті бермей қояды. Амалын тауып Қасым тұлпарды жасырын түрде мініп кетеді де, үйіне қарай зулайды. Үйге барар жолда ағайынды үшеу тоғысып, жолығады. Бір-біріне олжалаған заттарын көрсетеді. Қасым Мығымның дүрбісін алып, әкесін көргісі келеді. Сөйтсе, әкесі көз жұмғалы жатыр екен. Олар Алмастың тұлпарына отырып, тез арада үйге жетіп келеді. Қасымның қасиетті қойын сойып, етін әкесіне жегізеді. Әкесі бірден сауығып, дерттен жазылады. Балалары әкесіне әкелген заттарын көрсетті. Үшеуін де Айсұлу кімді жар қылып таңдайды деген сұрақ мазалайды. Айсұлудың өзінен барып сұраса, қыздың басқа бір ханның баласын ұнататынына көздерін жеткізеді. Соған қарамастан, артық туған үш ұл сауыққан әкесімен бақытты өмір сүре беріп, өз сүйгендеріне қосылған екен. ШАЙМҰРАТ Айбарыс 5 сынып оқушысы, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 1049 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: