20:22
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ТЕҢІЗ АТТАРЫ

Теңіз аттары жайлы мифтер қазақтың бір ғана руында, Маңғыстау түбегін мекендейтін адайларда ғана бар. Бұл мифтердің шыққанына да екі мың жылдан асты.

Теңіз аттары жайлы айтқанда, біз «адай» атауының шығу төркініне тікелей жанасамыз. Себебі, осынау этноним «ат» сөзімен тығыз байланысты. «Адай» сөзінің мәнісі оны «атай» деп құбылтсақ түсінікті болады. Яғни, тай, жас теңіз аты. Адайға «тай» сөзі ғана қатысты емес. шежіре бойынша, адайдың әкесі Елтай деген кісі. Адайлардың сегіз атасының бірі – Шыбантай. Мифологиялық Алғадай бейнесі де адайларға өте жақын.

Көптеген қазақстандық тарихшылар «адай» этнонимі Геродот, Страбон және басқа ежелгі авторларда көрсетілген «дай» руының көне атауынан шыққан деген ойға бейім. Ал кейбіреулері қазіргі адайлар ежелгі дайлардың ұрпақтары деп есептеуге ықыласты. Грек-рим жазушылары Страбон, Плиний көшпелілердің сақ-массагет тайпалары арасында дайлардың болғанын атап өтеді. Парсылар оларды дахтар дейді. «Ригведеге» сәйкес үнді-арий құжаттарында бұл халық дайтия, данав, даса, дасью деп аталады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 116 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: