13:43
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ӘЛЕМ АҒАШЫ ТУРАЛЫ МИФ

Мифологиялық сана ежелгі тарихы бар барлық халықтарға тән ортақ сипат болып табылады. Осынау халықтардың әрқайсысы әлемді, қоршаған табиғатты, адам мен құдайларды шамамен бірдей түсіндіреді. Солардың бірі – адам ғұмыр сүретін әлем үш бөліктен: Жоғарғы (Көк), Ортаңғы (Жер) және Төменгі (Жерасты) үш әлемнен тұратындығы туралы мифологиялық түсінік.

Көшпелі халықтар осынау әлемдердің әрқайсында тіршілік бар және бұл тіршілік адамдардың өздері Өмір кешетін Ортаңғы әлемтіршілігіне ұқсас деп есептеді. Бұл жайында қазақ ертегілерінде де айтылған: «Жердің астында тіршілік бар, онда да адамдар мен көп қауым тұрады. Тек ол жақта жердің үстіндегідей емес: жарық көмескі, ауа тар, онда күн көрінбейді, бірақ ондағы адамдар да, жер үстіндегі адамдар не істесе, соны істейді» («Аюдау» ертегісі). Ал Жоғарғы әлемде, керісінше, жарық пен күннің шуағы мол, Жоғарғы әлемді мекендеушілердің денелерінен жарқыраған сәуле төгіліп, нұр шашылады.

Ертедегі адамдардың мифологиялық түсініктерінде осы үш әлемнің мекендеушілері жайында нышандық түсінік орнықты. Ортаңғы әлемде төрт аяқты, екі аяқты жануарлар, соның ішінде, адамдар тіршілік етеді. Жоғарғы әлемнің нышандары қанатты мақұлықтар, құстар болып табылады. Ал жер асты мен су асты әлемінің нышандары – сондағы мекендеушілер – бақалар, жыландар, тасбақалар, балықтар. Сондықтан қазақтың сиқырлы һәм қиял-ғажайып ертегілерінде Жоғарғы әлемде тұратын мақұлықтар жер құс кейпінде келеді, ал өз әлемдерінде олар адам бейнесінде өмір сүреді. Өз кезегінде, Төменгі әлемнің мекендеушілері де жер үстіне жылан кейпінде шығады, ал өздерінің үйреншікті жерасты ортасында олар да адам бейнесінде жүреді. Кейінірек осы мифологяилық түсініктер құама, буданды бейнелерге ауысты: ертегілер мен мифтерде құс-адамдар, яғни қанатты адамдар, жылан-адамдар (мысалы, скифтердің түп анасы), балық-адамдар (су перілері) пайда болды.

Жердің байырғы халықтарының мифологиясындағы аса маңызды бір нәрсе – космологиялық тамыр ретіндегі Әлем Ағашы туралы ұғым. Әлем Ағаш планетаның қақ ортасынан – кіндігінен өсіп шығып, барлық үш әлемді ең төменгі нүктесінен бастап шырқау көгіне дейін көктеп өтеді. Осынау ғажайып алып ағаш Жоғарғы, Ортаңғы және ТӨменгі – үш әлемді біріктіріп, біртұтас етеді. Ертедегі адамдардың ертегілік таным-түсінігіне тамыры жердің терең қойнауларына тарайтын, ұшар басы шырқау көкке жететін сондай алып ағаштың болуы заңды болып көрінеді. Барша халықтардың ертегілерінде осындай ғаламат бар, тіпті суреттері де кездеседі. Оны көбінесе былай суреттейді: Әлем Ағашының аспанға шаншылған ұшар басында құс қонақтап отырады, ал жердің тереңіне бойлаған тамырларын алып айдаар шырмап орап жатады. Ортаңғы бөлігінде, жер үстінде – адам, оның қарсысында – жануарлар мен аңдар бейнеленеді.

Көшпелі халықтардың, соның ішінде қазақтардың да әрбір тарихи дәуіріне тән дерлік Әлем Ағашының сан түрлі сурет-бейнелерін ұшыратуға болады. Мысалы, қазақ тарихының сақ дәуіріне жататын Есік қорғаны жәдігерлерінің ішіндегі киімге тағатын алтын жапсырмалардан ұшар басына құс қонақтаған Әлем Ағашын көреміз. Ал Алтайдан табылған алтын заттардың бетіне ұшар басы екеу әрі бастары жер астынан шығып келе жатқан екі айдаһар бейнеленген Әлем Ағашы салынған. Әлем Ағашының суретін қазақтың тұрмыстық ою-өрнек айшықтарынан да көреміз.

Көшпелі халықтың мифологиясында осынау қасиетті Әлем Ағашын көбіне-көп ақиқат өмірдегі бәйтеректермен байланыстарды. Мұндағы бәй, бай – алыптықты, құт-берекені білдіреді. Кейбір Сібір халықтарында зәулім қарағайды Әлем Ағашы деп біледі. (жалғасы бар)  

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 145 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: