18:45
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЖҰМАҚ АЛМАСЫ

Қазақстанның оңтүстігінде жабайы Қара алма алқабы бар. Бұл – бадам, долана және шетен аралас өскен елу гектарлық алма бағы. Мұнда алманың он сегіз сұрыбы бір тектен – ежелгі Қара алмадан таралған. Онымен будандасқан апорт жақсылардың ішіндегі жақсы сұрып – Алматы апортына айналды! Ұлы мұздақ дәуірінде бүкіл солтүстік жарты шардағы алмалар үсіп кеткен. Аман қалғандары тек Ерен Қабырғаның Медеу сынды терең шатқалдарында және Шарын мен Ақсу сияқты өзендердің жағалауларында. Қара алма осы Ақсу өзенінің бойындағы Жабағылы деген жерде өседі.

Құдайдың Адам ата мен Хауа Ананы осындай байырғы бақтардың біріне қоныстандырғаны туралы аңыз бар. Шын мәнісінде, егер басқа жерлерге алма ағашы болмаса, демек, алма да болмағаны ғой. Ал, мұнда алма болған! Оның үстіне нақ осы Ақсу-Жабағылы қорығында өте сирек құс – ұжмақ шыбыншысы мекендейді. Бұл құс неге бұлай аталады бәлкім, сол жер Бейіш бағы – адамзат тегін өрбітуші Адам мен Хауаның мекені болған шығар. Ақсу-Жабағылы шатқалы – жұмақ тұрған жер, ал оның саясындағы Қара алма тоғайы – Хауа жеп қоятын тыйым салынған жеміс өсетін бақ болуы әбден мүмкін. Қазірде осынау шын мәнісіндегі жәннат қойнаудан кетер алдында әйелдер осындағы ағаштан алма жұлып жеп, «Хауаның күнәға батуының» қалжыңды жорасын жасайды. Содан кейін, жергілікті салт бойынша, діңінің түбінде біздің арғы түп анамыздың табан ізі қалды-мыс дейтін екі шұңқыры бар тас жатқан бұтағына түрлі-түсті шүберек байлайды...

«Алма» деген сөздің қазақ тілінде бұйрық райлы «тиіспе!» деген де мағынасы бар. Ей, әйел, жақсылық пен жамандықты білу ағашында өсіп тұрған, тыйым салынған жемісті «Алма!».

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 135 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: