13:53
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЖЕЛ ИЕСІ

Тарбағатайда Ор Қашар атты тау бар. Сол таудың бір қуысынан оқтын-оқтын қатты жел, қарлы боран толассыз соғып тұрады. Оны ел «ебі» желі деп атайды.

Ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда, бұл ебі Ор Қашар тауындағы «Қара пұшық» деген үңгірен шығады. Ол үңгірдің ішінде ауықауық үрлеп, ебі соқтыратын Жел Иесі бар екен.

Ерте кезде бір әкім осы үңгірді бітеп тастап, желден біржолата құтылмақ болады. Әскеріне елден тоқсан өгіздің терісін жинауға және үлкен-үлкен тастарды домалатып, бір жерге үюге бұйрық береді. Сарбаздарын саты арқылы «Қара пұшық» үңгіріне шығарып, әлгі өгіз терілерін оның аузына шегелетіп, сыртынан тастармен бастыртады. Ел жұмысты тындырдық деп масайрап отырғанда, үңгірдегі Жел Иесі оянып кетіп, қаһарлана үрлер қалыпты. Сонда тастар аспаннан жауған бұршақтай, терілер қанбақтай ұшып, адамдарды төбесінен жай түскендей жайратып, жым-жылас етіпті.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 129 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: