13:50
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ МИФТЕР

Тәңірдің екпіні тау тұрғызып, теңізді толтырды. Демі жел мен бұлттарға, дауысы күннің күркіреген дабылына айналып, оң көзінен Күн, сол көзінен Ай жаратылды. Жерге нөсер, жаңбыр жіберіп, найзағай шатырлатып, өзі жаратқан Құдайлар мен адамдардың өмір сүруіне бөгет жасайтын жын-шайтандарды жасынмен соғып жайратты.

Қазақтардың ұғымында Күннің күркірі – періштенің айқайы, найзағай – оның оғы.

Ол шайтандарды адамдарға жолатпай қуып, жай оғымен атады.

 

КЕМПІРҚОСАҚ

Кемпірқосақ – жаңбыр жауғаннан кейін көрінетін таңғажайып сұлу табиғат құбылысы. Ежелгі түркілер оны жаман нышан ретінде қабылдаған. Кемпірқосақ – Көк пен Жердің арасына тартылған көпір, өлгендердің жандары соның бойымен басқа әлемге көтеріледі. Бұл сөз кемпірдің қосағы дегенді білдіреді. Кемпірдің қосағы – ұзын арқанмен мойындарынан бір-біріне айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобы. Әлі күнге дейін жайлауда, қой-ешкілерді саумас бұрын жан-жаққа бытырап қашып кетпес үшін оларды матастырып байлайды. Аспан елінде тұратын бай кемпір қосағындағы қойларын осылай жинап, ылғи жауыннан кейін сауады деп есептеледі. Ол кемпірқосақтың көмегімен қойларды екі жағынан ілгекке іліп, қосақтап, жерге байлап қояды. Қосақталған қойлардың түр-түсі сан алуан болғандықтан, кемпірқосақ та түрлі-түсті.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 127 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: