10:44
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

КҮН НҰРЫ

Ертеде бір ханның керемет сұлу қызы болыпты. Хан қызын елдің көзінен қызғанып, қараңғы темір үйге тығып қойыпты.

Оған тек бір қаусаған кәрі кемпір ғана қызмет етеді екен. Қыз бой жетіп, кемпірдің күнде белгісіз жаққа кетіп қалатын себебін білгісі келіп, «Қайда барып жүрсің?» деп сұрағанда, ол: «Жарық дүние бар, қызым, сонда барамын», - деп жауап береді.

Қыз сол жарықты көрсетуін өтініп қоймаған соң, бірде кемпір оны сыртқа алып шығады. Күннің жарық сәулесін көрген бойда қыздың басы айналып, есінен танып құлап қалыпты. Біраз уақыт өткен соң ол өзінің жүкті екенін сезіпті. Сөйтсе, мұның себебі Күн нұрыныңы киесі екен.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 156 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: