22:36
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ҮРКЕР

Үркер қазақша «үркек» деген сөзден шыққан. Баяғы замандарда Жерде қыс болмапты. Күн жылы болғандықтан, малға қора салынбапты. Күндіз мал өрісте жайылып, түнде сай-салаларда иіріліпті. Жылдың барлық мезгілінде жерде жылы, күншуақ болып, мал да, жан да емін-еркін тіршілік еткен. Содан аяқ астынан бәрі өзгеріпті.

Үркер шоқжұлдызын құрайтын шағын жұлдызшалар Жерде ұйықтап жатады. Барлығы он екі екен. Жануарлар соларды өлтіруге ұйғарыпты. Өйткені біреу «солай істесеңдер ешқашан қыс түспейді» деп айтыпты. Сол уақытта жануарлар әлгі жұлдышларады таптап тастамақ болып өре шауыпты. Әуелі Жылқы төрт жұлдызшаны, Түйе тағы екеуін табанына салып таптапты. Алты жұлдызша Сиырдың еншісіне тиіпті. Оның аяғы аша тұяқ болғандықтан, Үркердің жұлдыздары тұяғының арасынан сытылып шығып, Көкке ұшып кетіпті.

Сол кезден бері қарай Жерде алты ай суық және алты жылы болады. Себебі Үркер шоқжұлдызының басқа алты жұлдызы жер бетінде қалған. Жануарлар болса, сиырға өкпелеп, оны жұлдыздардан айырылып қалдың деп кінәлапты. Бұған сиыр айылын да жимай: «Қыста сықырлатып қар басып жүрген жаман ба? Ыстықтан дымымыз құрып қаталағанымыз жетер!» - деп жауап беріпті.

Сиыр сондықтан қысқы суықтан қорықпайды екен.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 148 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: