19:03
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

КӨНАЯҚ – ОРМАН ПЕРІСІ

Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирекбасатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді.

Аяқтарының орнында қайыс белбеу болады. Өздері адам ұшырасқанша тырп етпей күтіп жатады екен.

Меңіреу жыныс орман ішінде адам келе жатса, кенет алдынан шыға келіп, таңырқаған жолаушыны атымен атап, жайма-шуақ сөйлесіп, жол көрсетуге уәде береді. Сөйтіп, сенімге кіріп алған Көнаяқ қалжыраған жолаушыға қарғып мініп, оны қайысымен байлап-матап, әбден әлі құрып, өлесі болып құлағанынша қуалап мініп жүреді.       

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 179 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: