17:16
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЫЗЫҚТАР

Ызықтар – таулардың биік жартастарындажүретін ақпейіл аруақтар. Олар аңшыларға көмектеседі. Малға һәм жер құтына қамқор болады. Ызықтардың мән-жайын білетін әрбір отбасы олардың көңілін аулауға тырысады. Сондықтан, жыл сайын бір малды, қошқар немесе жылқыны, садақаға береді. Ол үшін ең сұлу айғырды немесе қошқарды сүтпен жуып, хош иісіт шөппен аластап, жал-құйрығын тарап, түрлі-түсті баулармен безендіріп, бақсы үшкірген бойтұмар тағады. Сөйтіп адамдар аруақтардан медет тілеп, ызықтарға арналған жануарды еркіне босатып қоя береді.

Мұндай қошқарды мерт етуге, мұндай атқа мініп жүруге болмайды. Өйткені, жаңағыдай жора жасалған соң малдың өзіне де кие даып, ызыққа айналып, ол да керемет құдіретке ие болады. Сонда ызықтар үйірлі жылқыны қорғап, қасқырларды қуып, ұрыларға алдырмайды. Сөйткенде төрт түлік көбейіп, жұт пен кесір-кесапат адамдардан аулақ жүреді.      

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 191 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: