15:55
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ПЕРИТИЯЛАР

Перитиялар Атлантиданы мекендейді. Олар – жартылай бұғы, жартылай құс тәріздес мақұлық. Басы мен аяқтары – бұғынікі. Ал дене тұрқы, қауырсын-қанаттарымен қоса, құстан аумайды.

Ең ғажап қасиеті сол, күн жарығы түскенде олардың көлеңкесі өзінікі емес, адамның сұлбасы болып көрінеді. Осыдан келіп кейбіреулер перитиялар – құдайлардың желеп-жебеуінсіз жат жерде өлгендердің аруақтары деген тұжырым жасайды.

Бұл мақұлықтар топталып ұшады, оларды Геркулес мұналарының маңында шырқау биіктен көргендер бар...

...Олар (перитиялар) – адам затының қас жаулары. Адамды өлтірудің сәті түскен кездерінде көлеңкелері лезде өз денелерінің ырқына көніп, құдайдың рақымына ие болады...

Спиционмен бірге Карфагенді жауламаққа жол тартқан римдіктер теңізбен келе жатып осы құбыжықтарға тап болып, сапарлары сәтсіздікке ұшырай жаздайды. Оларға топталып ұшқан көп перитиялар шабуылдап, бірсыпыра жауынгерлерін өлтіріп кетеді...

...Біздің қаруымыз перитияларға қарсы дәрменсіз болғанымен, олардың әрқайсысы бір адамнан артық өлтіре алмайды..».

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 199 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: