06:22
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

АЙДАҺАР

Әдетте, айдаһарды жылқы басты, жылан құйрықты, үлкен қос қанатты және әрқайсысында төрт-төрттен тырнағы бар төрт аяқты етіп елестетеді. Сондай-ақ оның тоғыз ұқсастығы туралы айтады: мүйізі – бұғынікіне, басы – түйенің басына, көздері – сайтанның көздеріне, мойны – жыланның мойнына, қарны – моллюсканың қарнына, қабыршағы – балықтың қабыршағына, тырнақтары – бүркіттің тырнақтарына, аяқтары – жолбарыстың аяқтарына және құлақтары – бұқаның құлақтарына ұқсас. Кейбіреулерінің құлақтары жоқ, мүйіздерімен естиді. Көбінесе олардың бейнесін мойынына ілулі інжу моншақпен (інжу күннің белгісі болып табылады) береді. Өйткені оның күші осы моншақта, егер моншақты алып қойса, айдаһар ешкімге залал келтірмейді.

Тарих айдаһарды алғашқы императорлардың арғы тегі деп санайды. Оның тырнақтарының, тістерінің және сілекейінің шипалық қасиеті бар. Өз қалауы бойынша ол адамдарға көріне алады. Көктемде көкке ұшып кетеді, күзде тұңғиық суға шомылады. Кейбіреулерінің қанаты жоқ болса да, ұша біледі.

Мифтерде айдаһарлардың алуан түрі ұшырасады. Аспан айдаһары өзінің жотасында құдайлардың сарайларын жерге құлатпай ұстап тұрады. Құдай тектес айдаһар адамдардың игілігіне жаңбыр жауғызып, жел соқтырады. Же айдаһары бұлақтар мен өзендердің ағысын бағыттайды. Жер асты айдаһары адамдарға тыйым салынған қазыналарды күзетеді. Айдаһарлар аспанда ұшып жүреді, оларды әрдайым пішіндерін өзгерткен бұлттардан көруге болады! Айдаһарға ұқсас бұлттар да болады.

Шығыс ғұндардың туларында айдаһар бейнеленген.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 170 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: