00:36
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ХИМЕРА

Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты Беллерофонт, Главкінің ұлы өлтірген. Гомердегі суреттелуі бойынша, ол арыстан басты, ешкі қарын және жылан құйрық мақұлық. Алайда Гесиодтың «Теогониясында» оның үш басы бар делінеді. V ғасырда жасалған Ареццоның атақты қола мүсінінде ол нақ осылай бейнеленген. Жотасының қақ ортасына ешкінің, бір жағына жыланның, екінші жағына арыстанның басы салынған.

«Эниданың» алтыншы жырында «аузынан жалын атқан Химера» тағы көрінеді. Түсіндірмеші Сервий Гонорат, барлық беделді ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, бұл аждаһаның Ликиядан шыққандығын атап көрсетеді.бұл өңірде осылай аталатын жанартау бар. Жанартаудың түбі қаптаған жыландар, баурайы толған көгалды алқаптар мен ешкі жайылымдары. Төбесінен жалын алаулап жатады. Арыстандардың апаны да сонда, жоғарғы жағында. Химера – осы бір өзгеше таудың бейнелі атауы.

Арыстанның, ешкі мен жыланның ақылға сыймайтын қоспасы, оның скиф өнернамасынан келген бейнесі «химералық» деген ұғымды, яғнимүмкін емес деген мағынаны білдіре бастаған.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 193 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: