15:18
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ГИППОГРИФ

Мүмкін еместі немесе үйлеспеушілікті таңбалау мақсатында Виргилий ат пен арыстан-құсты будандастыру әрекеті жайында айтады. Латындықтар шығарған «Грифті атпен будандастыру» деген мәтел әлдебір мүмкін еместікті білдіре бастады. XVI ғасырдың басында Лудовико Ариосто осыны еске түсіріп, гиппогрифті ойлап тапты. Егер бағзыдағы грифте бүркіт пен арыстан ерлі-зайыптыларша бірге тұрса, Ариостоның гиппогрифтеріндегі қосақтар – жылқы мен гриф. Бұл дегеніміз – құбыжық немесе гиппогрифтер «аң мәнерінен» алынған екінші дәрежелі қиял жемісі.

Пьетро Микелли қанатты жылқыға қарағанда гиппогриф анағұрлым үйлесімді мақұлық деп көрсетеді. Германдықтардың «Қайсар Роланд» эпосында гиппогрифтің қиял-ғажайып сипаттамасы берілген:

Сиқыршының астында сол бір аттың елесі,

Арыстан-құс – әкесі, бие – тапқан енесі.

Әкесіне тартып ол кең қанатты құс болған,

Әкесіндей шапшаң да, әкесіндей – денесі.

Қалған жағы түгелдей шешесіне ұқсаған,

Осынау ат әйгілі гиппогриф аталған.

Тауларында Рифейдің белгілі боп атағы,

Мұзды теңіз сыртына даңқы кетіп тараған.

Осы арада кейбір зерттеушілердің Рифей тауларын скиф патшасы Липоксайдың иелігі деп есептейтінін айта кеткеннің артықтығы болмас...

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 201 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: