10:47
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ТАРАНДРОМ ТУРАЛЫ МИФ

Гелондар деп аталатын сақтарда тарандром дейтін өте сирек жануар бар. Ол жүрген жеріне қарай жүнінің түсін өзгертіп отырады екен. Яғни ағаштардың, тастардың, жалпы өзін қоршаған зат атаулының түсі қандай болса, оның жүні де соған қарай құбылатын көрінеді. Сондықтан бұл жануарды ұстау қиын. Басқа жануарлар, мысалы, хамелеон мен полип терілерінің түсін өзгертсе, тарандромның жүнін өзгертуі аса таңданарлық жайт.

Тарандромның үлкендігі өгіздей, басының тұрпаты бұғыға ұқсас.

...Тарандромның тұрқы өгізбен шамалас, басы бұғынікінен үлкенірек, бірақ содан өзгешелігі жоқ. Мүйізі тарам-тарам, аша тұяқты. Жүнінің қалыңдығы аюдікіндей, ал түсі, өз реңімен жүргісі келгенде, есектің түсіндей болады. Терісінің беріктігі сондай, одан сауыт жасайды. Үрейленген кезде тарандром өзі тығылатын барлық ағаштардың, бұталардың, сондай-ақ сол ортаның түсін қабылдайды, сол себепті ол қолға сирек түседі. Жануардың денесінің осындай сан алуан түспен құбылу қабілетінің болуы, әлбетте, таңсық жәйт, ал мұндай өзгерткіштіктің жүнге даруы таңқаларлық.   

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 203 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: